Саясат
Бұл ұсынысты көпшілігі қолдады
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comОсылайша, тергеу органдары Атамбаевты ұстап, оны тергеуге құқық алды. Кеше, 26 маусымда Бас прокуратура Атамбаевқа тағылған жемқорлық, заңсыз баю және лауазымын асыра пайдалану сияқты айыптарға негіз тапқан.
Атамбаевқа депутаттар тағып, Бас прокуратура негізді деп тапқан айыптар мыналар:
Атамбаев үй салған Кой-Таш ауылында жерді заңсыз басып алу;
Қылмыстық топ мүшесі Азиз Батукаевты заңсыз босату;
Заңсыз баю;
Бішкек ТЭЦ-ін жаңарту жобасы кезіндегі жемқорлық әрекет;
Бішкек ТЭЦ-іне заңсыз көмір тасымалдау ісіне қатысы болуы мүмкін.
Атамбаевтың өзі айыптарды "ақылға қонымсыз" деп санайды. Оның сөзінше, билік "саяси қарсыласынан арылу үшін өзіне кінә тағып отыр".
Қырғызстанда бұрынғы президент мәртебесіне Роза Отунбаева мен Алмазбек Атамбаев ие. Ал халық толқулары нәтижесінде биліктен кетуге мәжбүр болған елдің бірінші президенті Асқар Ақаев пен екінші президенті Құрманбек Бакиевке ондай мәртебе берілмеген.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61