Саясат

Асқар Жұмағалиев Президент алдында есеп берді

Қасым-Жомарт Тоқаев министрлікпен жүргізілген жұмыстың және мемлекеттік қызметтер мен экономиканың толық цифрлануының маңызын атап өтті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

27 маусымда Қазақстан Президенті цифрлық дамыту, инновациялық және аэроғарыштық өнеркәсіп саласының министрі Асқар Жұмағалиевті қабылдады. 

Мемлекет басшысына "Цифрланған Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы бойынша жобалардың іске асуы мен министрліктің ағымдағы жұмысы туралы есеп берілді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев министрлікпен жүргізілген жұмыстың және мемлекеттік қызметтер мен экономиканың толық цифрлануының маңызын атап өтті. 

- Бүгінгі күннің кез-келген деңгейіне тосқауыл болатын барлық процесстерді алып тастау керек, оларды автоматтандыру қажет. Азаматтар еш кедергісіз мемлекеттік қызметтерді автоматты режимде пайдалануы керек, - деп Президент сөзін қадап айтты. 

Сонымен қатар, мемлекет басшысы негізі "Astana Hub" IT-стартап халықаралық технопаркі болатын елде қалыптасқан инновациялық экожүйе туралы дерекпен танысты. Асқар Жұмағалиевтің айтуынша, қазіргі таңда технопарк қалыпты режимде жұмыс істейді, оның әлеуеті толығымен пайдаланылады. 260-тан астам компания жеделдетуден өтті, соның арқасында Қазақстанға шамамен 28 млрд теңге тартылды.