Саясат
Шешім қандай?
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comКеше 27 масуым күні митингіге шыққан арыстықтар жарылыс болған қалаға бармайтындарын айтқан еді. Олар Шымкент және Түркістан облысының басқа жерлерінен баспана алып беруді талап етті.
Наразы топ Шымкенттегі «Нұр Отан» партиясы филиалына кірмек болған еді. Алайда, полиция ішке кіргізбеді. Сол кезде наразалық танытқандар ғимаратын алдында ілулі тұрған туды жұлып алмақ болған еді.
Билік партиясының Шымкент қалалық филиалы төрағасының оырнбасары Бахадыр НАРЫМБЕТОВ пікірінше жиырма шақыт бұзағы жігіт келіп, заңсыз әрекеттер жасапты. «Нұр Отан» өкілі бұл туралы youtube.com желісінде мәлімдеді.
«Нұр Отан» партиясының Шымкент қалалық филиалында бәрі дұрыс. Бағана жиырма шақты бұзақы жігіт келіп, осы жерде заңсыз әрекеттер жасаған. Олармен сөйлесіп, жағдайды түсіндіріп, талап-арызын тыңдағаннан кейін, олар басқа органдарға шағымданамыз деп кетіп қалды. Ғимаратта қазір бұзақылық, қирату, ондай ештеңе жоқ», - деді Бахадыр Нарымбетов.
sputniknews.kz сайтының тілшісіне сұхбат берген Максим СПОТКАЙ ту үшін полицияға шағымданбайтынын айтқан.
«Оны жауапты құқық қорғау органдары өзі шешсін. Бұл партияның жұмысы емес. Егер заң бұзылса, олар бұл жұмыспен өздері айналысады. Туды жұлуға қатысты ешқандай іс қозғалған жоқ, біз ол жайлы естімедік», - деді партияның баспасөз қызметінің жетекшісі.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61