Саясат
Қаланы мықты қылып жасап береміз
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com«Қала 17 ауданға бөлініп, облыстар мен қалалардың әкімдіктеріне тағайындалады. 40 жауапты қызметкер көмек көрсетеді, аптаның соңында олар тұрғындарға өз үйлерін қайта қалпына келтіру үшін, әр ғимаратқа келген залалды есептеп сурет және бейне жазбаларын жүргізеді», - деді облыс әкімі.
Облыс әкімі бүлік шығармай, жалған ақпаратқа сенбеу керектігін түсіндірді.
«Бүгінде облыстардан арнайы өкілдер келіп, оларға тағайындалған салалардағы жұмыспен танысады. Ал Қорғаныс министрлігінің мамандары қаланы сенбіге дейін жарылғыш заттардан тазарту керек», - деді Шөкеев.
Брифинг барысында әкім осы секілді жарылыстар енді қайталанбайтынын атап өтті. Ол халықты ауызбіршілікке шақырып, зардап шеккендерге қол ұшын созған адамдарға алғыс білдірді.
"Апаттан бұрынғы жағдайдан да, мықты қылып қаланы жасап береміз. Бар күшімізді саламыз. Бұл жерде шыдамдылық, ұйымшылдық, патриотизм болу керек. Жаңағындай неше түрлі "бармаймыз біз Арысқа, басқа жерге үй саламыз" деген сияқты қисынсыз талаптар қоймайық. Бұл талаптарды ешкім, еш уақытта істей алмайды. Сондықтан өзіміздің сүйікті Арысымызды қалпына келтірейік. Бұл қала тоғыз жолдың торабында тұрған - Европа мен Қытайға сауда жасайтын орталық. Енді бұндай жағдай еш уақытта қайталанбайды. Бәріңізді ауызбіршілікке шақырамын", - деп сөзін аяқтады Шөкеев.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61