Weekend

«Алдын ала келісім бар» Арыстық балалар Димаш Құдайбергенмен кездеседі

Арыстан келетін балалар үшін түрлі шаралар ұйымдастырылмақ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Арыстық балалар Нұр-Сұлтан қаласында Димаш Құдаубергенмен кездеседі. Бұл туралы елорда әкімінің орынбасары Ерлан Каналимов айтты.

Балалардың алғашқы легі қалаға дүйсенбі күні келеді.

«Алғашқы 200 баланы Димаш Құдайбергеннің концертіне апарамыз деп жоспарлаған едік. Теміржол байланысындағы кедергілерге байланысты олар дүйсенбіде ғана келетін болды. Дегенмен, олар сүйікті әншілерімен кездеседі. Алдын ала келісім де бар. Сондай-ақ, балалар Ержан Максиммен де кездеседі. Жалпы елордаға келген әрбір арыстық бала үшін бұл сапар есте қалар естеліктерге толы болады», - дейді әкімдік өкілі.

Арыстан келетін балалар үшін түрлі концерттер мен байқаулар, саяхаттар, танымал спортшылармен сұхбаттар ұйымдастырылатын болады.

«Біз шақырып отырған 500 баланың көбі 6,7,8 сынып оқушылары. Олардың бәріне жаңа оқу жылына қажет құралдар сыйласақ деп отырмыз. Ал Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 1000 баланы шақырып отыр. Онда негізінен 9, 10, 11 сынып оқушыларын әкелу жоспарланған. Балалар университет жатақханаларында орналасып, мамандық таңдау бойынша пайдалы ақпарат алып қайтатын болады», - дейді Ерлан Каналимов.

holanews.kz

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61