Саясат

Қаныбек Жұмашев жаңа қызметке тағайындалды

ҚР Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен жаңа қызметке келді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ҚР Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және облыс әкімінің өкімімен  Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып Қаныбек Жұмашев тағайындалды.

Қаныбек Бекболатұлы 1970 жылы Маңғыстау облысының Жетібай ауылында туған. Білімі жоғары. Еңбек жолын 1992 жылы «Қаражанбасмұнай» акционерлік қоғамында  инженер-химик қызметінен бастады. 1997-2010 жылдары білім саласында басшы лауазымдарда қызмет атқарды және Маңғыстау облысы әкімінің әлеуметтік сұрақтар бойынша кеңесшісі болды.

2010-2012 жылдары  Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болды. 2012-2014 жылдары «Nur Otan» партиясының Маңғыстау облысы филиалы төрағасының бірінші орынбасары, 2014-2015 жылдары «Nur Otan» партиясы Орталық аппараты жетекшісінің орынбасары, кейін «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасарының кеңесшісі. 2015 жылдың қараша айынан бастап қазіргі уақытқа дейін «Nur Otan» партиясының Хатшысы қызметін атқарып келді.

inform.kz

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61