Weekend

Әлемді шошытқан фото: Әкесі мен қызы суға батып кеткен

Сальвадорлық босқын жақсы өмір іздеп АҚШ-қа жетпекші болған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Желіде суға батып кеткен сальвадорлық босқын әке мен оның кішкентай қызының фотосуреті тарап кетті. Жақсы өмір іздеп, Мексика мен АҚШ шекарасындағы Рио-Гранде өзенін кесіп өтпек болған отбасының екі мүшесі суға кеткен.

Фотосуретте әкесі мен кішкентай қызының денесі су жағасында жатыр. Сәбидің қолы әкесін құшақтаған күйде. Сальвадор тұрғыны Оскар Рамирес пен оның екі жасар қызы өкінішке қарай өзеннің арғы бетіне жете алмады. Оның әйелі ғана аман қалған. Әке баласын жейдесінің астында ұстап, өзенді жүзіп өтпек болған.

Осыдан төрт жыл бұрын ұқсас оқиға болған еді. Ол кезде Сириядан қашқан босқындармен бірге аттанған төрт жасар бала суға батып, денесі Түркия жағалауына шығып қалған болатын. Енді, міне, тағы бір сондай оқиға әлем жұртшылығын шошытып отыр.

Бұл оқиғаға орай БҰҰ да мәлімдеме жасады. Ұйым өкілі барлық елді осындай трагедия болмау үшін шаралар қабылдауға, босқындарды қабылдаушы елдерді тиісті процестерді үйлестіруге шақырды.