Экономика
ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов «Айфонның қарызын төлеттіру мүмкін бе?» деген сауалға түсінік берді
2019 жылы 26 маусымда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы Жарлыққа қол қойды. Осыған орай, Үкіметте баспасөз мәслихаты өткен болатын.
Түсіндіру жиналысына қатысқан ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов «Айфонның қарызын төлеттіру мүмкін бе?» деген сауалға түсінік берген.
Ә.Смайыловтың айтуынша, мәселе проблемалық несиеге қатысты. Кепілсіз тұтынушылық несие болса, төленуі мүмкін. Ал Гүлшара Әбдіхалықова жағдайы төмен отбасылардың тұтынушылық несиесінің жағдайы ескерілетінін еске салды. Енді бір жағынан жағдайы төмен азаматтар айфон алу үшін қарызға кірмейтінін де ескерсе керек.
Ал Ұлттық банк төрағасы ипотеканың да тұтынушы несиесіне жататынын айтты.
"Спикерлердің сөзінен ұққанымыз, көпбалалы ана болсаңыз, айфонға алған қарызыңызды мемлекет төлеп беруі мүмкін. Бұл сауалға нақты жауап берген ешкім болмады", - дейді информбюро жаңалықтары.