Hi-Tech
Каку Митио
Каку Митио әлемге танымалы ғалым, футуролог, физик жән «Физика болашағы», «Болашақ ойы», «Мүмкін емес физика» атты кітаптардың авторы. Санкт-Петербургтағы халықаралық экономикалық форумында Каку адамзаттың жақын болашақта қалай өзгеретіні туралы дәріс оқыған болатын. Бүгін біз осы жайлы сөз қозғайтын боламыз.
Белгілі журналист сөзі бойынша : ол 300 ге жуық танымал ғалымдардан сұқбат алаған. Және ол сұxбаттары BBC, Discovery сынды бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланған екен. Ғалымдарға көбіне қойылған сұрақ: «Әлемді 20,30, және 50 немесе 100 жылдан соң қалай елестетесіз?» Әрине әрбір ғалым әртүрлі жауап береді. Осы ретте сіз қалай жауап берер едіңіз?!
Жаңа онжылдықтың қарсаңында технологиялардың ең маңыздысы – жасанды интеллект болып табылады. Бұдан басқа, молекулярлық жаңалықтар, биотехнология және нанотехнология біздің болашағымызды едәуір өзгертеді. Жасанды интеллект арқылы роботтар ойлап таба алуымыз қатар, оларды тиімді түрде басқаруды үйренеміз. Қазірде хирургтар операцияларды жүргізу, рентген сәулелерін, МРТ және аурулар туралы жазбаларды жүктеу үшін интернетті «ақылды көзілдірік» арқылы пайдалана алады. Көп ұзамай олар Интернетте адамдармен нақты қарым-қатынас жасай алады. Бұл қалай жұмыс істейтіндігі туралы мысал Robodoc бағдарламасы көмегімен Интернеттен барлық қажетті ақпаратты ала алады және де медициналық кеңес беріледі. Бұл дәрігерлердің ғана емес, пациенттердің де жұмысын жеңілдетеді. Алдағы уақытта дәрігерлерден анализ нәтижесін алу үшін, оның алдында тексерілу үшін уақытыңызды босқа жұмсаймайсыз. Себебі болашақта мұның барлығы қажет емес, денсаулық мәселелерін ақылды сағаттармен немесе көзілдіріктермен талқылай алады екенсіз. Ең бастысы оның барлығы тегін болады. Бұл революция тек медицинада ғана емес, сонымен бірге сот практикасында да орын алады. Мысалы, үлкен еуропалық қалада жүріп, апатқа тап болдыңыз делік. Сіз ол елдің тілі мен заңдарын білмеген соң, сізге заңгер және аудармашы жалдаңызға тура келеді. Ол болса қыруар қаражатты талап етеді. Ғалымдардың айтуынша алдағы уақытта адамдарға арнайы білезік ойлап табылады. Оның көмегімен кез- келген тілде сөйлесе алуға , оған қоса бүкіл дүние жүзіндегі заңды құжаттарына қол жеткізе аласыз.
Бүгін біз қолданып жүрген компьютерлер мен планшеттер, ноутбуктердің өлшемі біршама кішірейетін болады. Дегенмен олардың көлемдері кішірейгенмін, атқаратын жұмыстар үлкейе түседі. Жәй ғана смартфонды алсақ, біраз жылдан соң бұл құрылғы арқылы свитор немесе жейдеңізге кез-келген пішіндегі суретті енгізе аласыз. Одан басқада үйдегі түсқағаздарға тоқталсақ, қазір олар ешқандай қызмет атқармауы мүмкін. Алайда6 болашақта оның көмегімен тіпті дәрігермен байланысқа түсе аласыз. Мұның бәрі де жасанды интеллект арқасында жүзеге асады.
2020 жылбан бастап адамдар машиналарды жалға алатын болады. Тіпті оны автотұраққа жайғастырып қиналып жатпайсыз. Оған кнопканы басып қалсаңыз жеткілікті, өзі орнына жайғаса қалады. Көптеген адамдар автомобиль сатып алуды тоқтатады. Себебі оларды жалға алатын болады. Сіздің роботтарыңыз машинаға айналуы да ғажап емес. Олармен сөйлесуге және дауласуға да болады. Дәл қазіргі кинодағыдай әлемде өмір сүреміз.
Осы ретте бір қауіп роботтар еңбек нарғында жаулап алуы мүмкін. Кейбір мамандықтар жоғалып кетеді деп те күтілуде. Роботтар жиі қайталанатын әрекеттерді орындайтын мамандарды алмастыра алады. Сондай-ақ делдалдар жойылады. Ғалымдар пікірінше брокер, бухгалтерлер мен кассир мамандықтарында жұмыс істейтіндер өз жұмыстарын айрылады екен.
Қорытындылай келе роботтар мен жасанды интеллект үш шектуге ие екенін ұмытпайық. Біріншісі – адамдармен өзара әрекеттесу. Кез келген жұмыс негізінен қарым-қатынасқа түсуді , яғни адамның байланысын талап етеді. Екіншісі – әр түрлі үлгілерді немесе шаблондарды тану. Роботтар бұл жағынан өте нашар болып келеді. Мысалы, оның алдында үстел тұрса, робот оны тек квадрат ретінде қарастырады да өзге ешнәрсе түсіне алмайды. Оның барлығын түсіндіру үшін, роботтарға арнайы бағдарлама қажет. Сонда ғана ол толықтай қызмет атқара алады. Ең соңғы үшіншіге келіп тоқтадық, бұл -жалпы мағына . Ол дегеніміз жәй ғана қыздың анасынан кіші болуы. Бұл өте қарапайым заттар болуы мүмкін . Тіпті 5 жасар балада оларды біледі. Ал роботтарда ондай дүние болмайды. Сондықтанда бүкіл жұмысымызды тартып алады деген уайым болмауы тиіс. Сан болған жерде сапада өзгереді демекші, роботтардан да жақсы жұмыс жасауға тырысатын боламыз.