Hi-Tech
Кәсіпкерлер не ойлайды
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comЖыл өткен сайын жаңадан әртүрлі желілер пайда болып, оларға деген сұраныста артуда. Осыған байланысты Accenture он елдің екі мыңға жуық іскерлік және теxнология басшылары арасында жаңадан сауалнама жүргізген болатын. Сауалнама бойынша, «5G» деп аталатын келесі буын ұялы байланыс ресурсы жайлы көп мәлімет білмейтіндіктерін жеткізді. Респонденттердің азғанасы ғана 5G желілерінде деректерді беру жылдамдығы айтарлықтай ұлғаяды деп санайды екен. Ал қалған көп бөлігі бұл тезнологияның көптеген мүмкіндіктер беретініне сенімсіздікпен қарайды. Бұл шамен респонденттердің 75% құрайды екен. Зерттеулер көрсеткендей, көптеген іскер адамдар технологияны немесе оны бұзатын әлеуетті түсінбейді. 5G-ді толықтай енгізу, алдыңғы қатарлы технологиялардың кез келгеніне қарағанда, мобильді технологияларды едәуір кең ауқымды қайта құру жөнінде ірі оқиға болары анық. Жылдамдық біршама мүмкіндербере алады. Мүмкіндер нәтижесінде тұтынуды және күту уақытын түбегейлі қысқарту, инновациялық жаңа өнімдер мен қызметтердің ғажап ауқымына жол ашылады. Бұл экономикалық және әлеуметтік артықшылықтар тудырады.
Оған қоса 5G желілері анағұрлым аз антенналармен жұмыс істейді. Олардың көпшілігі ірі ұялы мұнараларға емес, қарапайым ғимараттарға, шамдарға және басқа да инфрақұрылымдық нысандарға қосылады. Желіні қысу салдарынан сигнал тезірек және сенімдірек беріледі, ал өткізу қабілеті мегабиттармен өлшенбейді, бірақ секундына гигабайт болады. Алғашқы тестілер 5G желілерінің бүгінгі мобильді желілерге қарағанда 100 есе тезірек болатынын көрсетті. Іскерлік өкілдердің жаңа желілердің инновациялық мүмкіндіктеріне қатысты күмән келтіріп отқандығы, олардың жаңа құрылғыларға деген сұраныстың болмауы шығар. Аоайда 5G арқылы маркетингпен айналысып жатқан компанияларлың алдыңғы қатарда болуы сөзсіз. Осы орайда Уолл-стрит қаржыгерлері және көптеген басқа адамдар өздерінің скептицизмін білдірді. Олар 5G-нің нақты қандай пайда әкелерін түсінбейді екен.
Шын мәнісінде, бұл жаңашылдық келесі ұрпақ желілеріне кең жолақты жүйелермен тікелей бәсекелесуге мүмкіндік береді. Себебі бұл құрылғылар ең заманауи талшықты-оптикалық технологияларды пайдалана отырып салынған. Бұдан басқа, революциялық 5G технологияларға инвесторлар мен тұтынушылар жұмсалатын болады.
Қорытындылай келе 5G ұялы байланыс негізінен дәстүрлі бизнес-ойлау шектеулерін жояды. Көптеген салаларға өзнеріс алып келеді. Мүмкін осы себепті де кәсіпкерлер бұл жүйеден қауіптеніп отырғаны. Дегенмен жаңа жүйе, жаңа мүмкіндер әкелелі. Және бұл өз кезегінде, кейінгі инвесторларға бұрынғы қателіктерді қайталамауға жетелейді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61