Woman
Нәзік жандылар назарына
Сән әлеміндегі жаңалықтар уақыт өткізбей қайта жаңара беретіні бәрімізге мәлім. Алайда, көптің назарына ілігіп, көңілінен шыққан биылғы ерекше тренд түрлерімен бөлісіп көрсек.
Архитектуралық принт
Қала ландшафтары мен түрлі ғимараттар бейнелген түрлі - түсті, қиын принттар биылғы жылдың үздік, таңдаулы сән үлгілерінің бірі болып табылады. Егер де бұл сән үлгісінің жанкүйері болсаңыз, өз стильіңізді құрастырып, әдеттегіден де құлпырып жүруіңізге болады.
Үлкен банталар
Елден ерек болып, өз киіміңізге одан сайын көрік бергіңіз келсе, жаздың тағы бір кешкі трендін өз тізіміңізге қоссаңыз болады.
Ақшыл түс
2019 жазының сәнді түстерінің бірі ақшыл, крем типтес түстер. Күртеше, көйлек, жеңіл киімдер түрінде болсын крем типтес нәзік түстер гардеробыңызда болғаны абзал. Әр қыз баласына нәзіктік сыйлайтын түстердің керемет көрінетіні сөзсіз. Алайда, осы түстерді барынша үйлесімділікте қолданса жаздың басты сәнқойы болуыңыз абзал.
Велосипедка
Бұл спорттық сән үлгісі алдыңғы жылы да көпшілік назарын өзіне бұрған болатын. Дегенмен де, аталмыш тренд биылғы жылыда сәнқойлар арасында әлі танымал.
Бұршақты принт
Романтикалық сән үлгісіне жататын бұл принт түрі қай қыз баласының болмасын көркін келтіре түсері сөзсіз. Бір қызығы, бұршақты принт көп уақыттар бойы сән тізгінінен қалмай, сұранысқа ие тенденциялардың бірі.