Саясат

Ресей Иранға S-400 жүйесін жеткізуге дайын

Ираннан тиісті өтініш келіп түскен жоқ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жұма күні Ресейдің әскери-техникалық ынтымақтастық қызметінің Федералдық қызметінің баспасөз қызметі Sputnik-ке: «Ресей S-400 әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін Иранға жеткізуге әзір, бірақ Ираннан тиісті өтініш келіп түскен жоқ»,- деп хабарлады .

Бүгін Мәскеуде өтіп жатқан «Армия-2019» халықаралық әскери-техникалық форумы барысында баспасөз қызметі: «Біз Иранға S-400 Triumph әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін ұсыну туралы мәселені талқылауға дайынбыз, әсіресе жабдық 2015 жылдың 20 маусымында шығарылған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарында сипатталған шектеулерге ұшырамайтындықтан, ссы мәселе бойынша біздің әріптестерімізден әлі ресми сұрау келіп түскен жоқ », - деп хабарлады.

Мамыр айының соңында Блумберг өз дереккөздеріне сілтеме жасай отырып, Ресей Иранға өзінің S-400 әуе қорғаныс жүйесін сатудан бас тартқанын хабарлаған болатын.

Агенттік Ресейдің бұл шешімі аймақтағы шиеленісті күшейтеді деп мәлімдеді. Дегенмен, Иран Сыртқы істер министрлігі бұл тұжырымды жоққа шығарды.

Армия-2019 бесінші халықаралық әскери-техникалық форумы сейсенбі күні Мәскеу облысының Патриот паркінде басталды және жексенбіге дейін жалғасады делінген.

Форумның ашылу салтанатына 120-дан астам мемлекет қатысты, бұл 2018  жылдан  екі есе артық. Сонымен қатар, іс-шараға 101 шетелдік компания қатысты. «Россия сегодня» халықаралық ақпараттық агенттігі форумның ресми медиа-серіктесі болып табылды.