Weekend

Иркутск оқиғасы: 3,3 мың үй су астында қалды

Мәлімдеме

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Иркутск облысындағы 55 елді мекенде 3,3 мың үй су астында қалды.

«1 шілдедегі дерек бойынша алты аудандағы 55 елді мекенде 3 296 үйді су басқан. Онда 9 809 адам тұрады, соның 2 681-і бала. Үйлерден бөлек, әлеуметтік маңызы бар 18 нысан, 3 525 аула да су астында қалған», - деп мәлімдеді Иркутск облыстық ТЖМ баспасөз қызметі.

Ведомствоның хабарына қарағанда, төрт елді мекен сыртқы әлемнен оқшауланып қалған. Оларға азық-түлік, дәрі-дәрмек және басқа да керек-жарақтар жеткізілді. Су тасқынынан автомобиль жүретін 13 көпір  қирап, басты автожолдарда қозғалыс шектелді. Апат салдарын жоюға 1,4 мың адам жұмылдырылған.  

inform.kz