Саясат

Арыстағы жұмысты дұрыс ұйымдастыра алмаған жауапты адамды жұмыстан босатамын - Шөкеев

Түркістан облысы әкімінің мәлімдемесі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев апталық аппараттық мәжілісті Арыс қаласының әкімдігінде өткізді. Жиынға өңірдегі құрылым басшыларынан бөлек, республиканың барлық облыстарының өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде Арыс қаласын қалпына келтіру мәселесі қаралып, атқарылатын жұмыстар пысықталды. Мәжілісте аймақ басшысы аудан-қала басшыларына тапсырылған жұмысқа жауапкершілікпен қарау керектігін ескертті. Сондай-ақ, басқа облыстың өкілдеріне де нысандарды жөндеуді мерзімінен кешіктірмей атқару керектігін пысықтады.

«Мен осында бір ай болып, құрылысты күнде басында тұрып қадағалаймын. Егер қай аудан немесе қала жұмысты дұрыс ұйымдастыра алмаса,  жауапты адамды жұмыстан босатамын. Ал, жауапты облыстар салғырттық танытса, Үкімет басшысына мәлімдеймін. Халықтың мұқтажын жедел шешуіміз керек»,-  деді Өмірзақ Шөкеев. 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61