Weekend
Гиннес рекордына енген лимузин
Әлемде бас шайқап, таңдай қағатын талай қызық бар. Пенде тумысынан бірегейлікке, атаққа, танымалдыққа ұмтылады. Әркім өз саласында жетістікке жеткісі келеді. Шығыны шаш етектен келсе де теңдесі жоқ дүниенің туындыгері болғанға не жетсін дейді. Дәл осылай талмай еңбектенген Джей Орберг ақыры өз мақсатына жетті.
Бірегей көліктердің құрастырушысы, дизайнері, голливудтық коллекционер Джей Орбергтің лимузині Гиннес рекордтар кітабына еніп қана қоймай, өз иесін бүкіл әлемге танымал етті. Ұзындығы 30,5 метрге жуық көлік құралын дүниеге әкелді. Онда бассейн, оншақты адамға шақталған жатын орын, спутникті ТВ және мұнан бөлек біршама игіліктер орнатыған. 26 дөңгелегі бар алып тұлпарды басқару да оңайға түспесі анық. Осына ескерген дизайнер екінші жүргізуші кабинасын қосқан.