Экономика
ЕО Оңтүстік Америкаға сауда нарығы арқылы шекарасын ашуға дайын
Еуро Одақ өз тарихында бұрын-соңды болмаған өте ірі көлемдегі сауда айналымын жасайтын келісімге қол қойды. Бұл туралы BBC агенттігі хабарлайды.
Еуропа енді өз есігін Оңтүстік Америкаға ашып, сауда нарығын дамытуға бел буды. Атап айтқан кезде, Бразилия, Аргентина, Парагвай және Уругвай елдері үлкен жеңілдік алып отыр.
20 жылдан кейін жасалған бұл келісімге ЕО-дағы 28 мемлекет мақұлдай отырып, мұхиттың арғы бетіндегі құрлықтан ет пен қант өнімдерін тасымалдап, оларға көлік, дәрі-дәрмек және вино секілді өнімдерді жеткізеді.
Алдағы басты мәселе әр елдің парламенттегі талқылауымен шешіледі. Осылай жыл өткен сайын бұл келісім күшіне ене отырып, жер бетінде 770 млн адамды құрайтын және ІЖӨ-і 21 трлн АҚШ долларына тек ашық нарықтағы сауда айналымы пайда болады.