Спорт

«Астана» құлап, «Тобыл» шыңға шықты

Елордалық команда тағы да жеңіліс тапты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстан премьер-лигасының 16 - ші турының орталық ойынында, елордалық команда алматылық "Қайратпен" кездесті. 

Бірінші кезеңде көрермендер гол көрмеді. Ойынның бар қызығы екіінші кезеңде орын алды. Бар жоғы үш минут ішінде, "Қайрат" ойыншылары екі гол салып, ойынның жеңімпазын анықтады. Гол авторлары Раде Дугелич 68 минутта және Айбол Әбікен 70 минутта.

Қорытынды есеп 0:2 "Қайраттың" пайдасына.

"Астананың" жеңілісін пайдаланған қостанайлық "Тобыл" клубы "Жетісуді" жеңіп, бірінші орынға көтерілді.