Weekend
Бұның бәрі Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылады
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comДональд Трамп уәде бергендей, танктер мен басқа да бронетехника 4 шілдеде АҚШ-тың Тәуелсіздік күнін тойлауға қатысады. Бұл туралы CNN басылымына АҚШ-тың қорғаныс министрлігінің өкілдері мәлімдеді.
Трамптың айтуынша, мерекеге жиналғандардың үстінен ұшақтар ұшып өтіп, сондай-ақ танктер қатысады. "Жолдарымыз ауыр танкілердің жүргеніне қолайсыз. Сондықтан бізге оларды белгілі бір жерлерде орналастыруға тура келеді. Бірақ, бізде жаңа "Шерман" танкілері және жаңа "Абрамстар" бар", — деді президент.
Пентагонда техниканың өте аз саны мерекеге қатысатынын растады, бұл парад емес, статикалық көрсетілім болады. М1 Abrams екі танкісін, M2 Bradley жаяу жауынгерлік машинасын ("Брэдли") және M88 шынжыр табанды брондалған жөндеу-эвакуациялық машинаны орнату болжануда.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61