Саясат
Екінші мегаполиске, 7-ші әкім келді. Экс-премьер Сағынтаев Бақытжан Әбдірұлы енді Алматы шаһарына жауап береді. Жалпы жақсы әкімнің қандай болуын Қазақ бір-ақ ауыз сөзбен айтқан: "Әкім бол, xалқыңа жақын бол". Мұны жаңа әкім ертеден білсе керек. Әкім ретіндегі алғашқы жұмыс күні-ақ, қазіргі заманда адамдарды жақындастыратын ең оңай құрал әлеуметтік желіге тіркелді. Енді халық әкімге өз мәселелерін Фейсбук, Твиттер, Инстаграм арқылы жеткізе алады
Алматы xалқын алдау мүмкін емес.
Бұл қалада, марқұм болған талай зиялының мінезі бар, бұл қалада 86 жастарының жігері бар, бұл қалада ақ пен қараны бірден ажырататын "аристократ" xалық бар. «Он алматинский» деген сөз – ол мәдениетті деген сөздің синонимі іспеттес. Қала xалқы өнерге, білімге, мәдениетке өте ұқыпты қарайды.
Жаңа әкімге қалаға 5G тегін wifi орнат демеймін. Әлі күнге көмір жағатын ТЭЦ-2-ні табиғи газға ауыстыр демеймін. Алматының шет жағына қатынайтын жолаушылар көлігінің жағдайын түзеу деуге де уақытым жоқ. Алтын-Орда базарының алдындағы жол жөндеу жұмысының графигін Әкім өз қарамағына алып, уақытында пайдалануға берсін деп те жаңа әкімнің жұмысын көбейткім келмейді. Менің айтпағым жастар мәселесі.
Алматыда 500 мыңнан астам жас бар. Ол қала тұрғындарының 4/1-ін құрайды. Экс-әкім Бауыржан Бәйбек Алматы қаласы «Жастарының жол картасы – 2020» атты жоба жасаған. Бұл жол картада, жастарды тұрғын-үймен және жұмыспен қамту жолдары қарастырылған. Осы жол картаны Бақытжан Әбдірұлы соңына дейін жеткізсе екен. Бұл бірінші мәселе.
Екінші, Алматы жастары «то есть» студенттері түрлі іс-шараларға ең көп тартылатын "массовкаға" айналған. ЖОО студенттерді велошерулерге, мерекелік іс-шараларға, конференциялар мен форумдарға күштеп шығаруды тоқтатуы қажет;
Үшінші, Алматы суб-мәдениеттің дамыған ортасы. Қалада киберготтар, эмокидтер, панктер секілді топтардың мыңдаған мүшесі бар. Біз олардың болуын қаламасақ та бұндай фриктар өте көп.Оларды қоғамнан бөліп тастауға болмайды. Керісінше олардың жасап жүргенін түсунуге тырысу керек. Себебі оларға қарсылық танытсаң, жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақ сияқты көбейе кетеді. Сондықтан, осындай топтармен жұмыс жасайтын, олардың шығармашылықтарын дамытатын орталық қажет.
Жастарда, оның ішінде университет бітіретін түлектерде бір мәселе бар. ЖОО өз рейтингтері үшін, оқуын енді ғана бітірген студенттен, жұмысқа орыналасқаны жайында анықтама алып келуді талап етеді. Сосын студенттер анықтамаға «печать» қою үшін таныс-тамырын іздеп, аға-көкелері жоқтар пұлға мөр қойғызып, деканатқа тапсырады. Оған қоса «обходной лист» деген кеңес заманының сарқыншақ вирусы әлі күнге дейін бар. Осы екі мәселенің көзін тамырымен жою керек.
Студенттерге жатақхана берілерде екіжақты келісім-шарт жасалып, онда екі жақтың міндеттері анық көрсетілуі керек. Массовкаға шықпасаң, келесі жылы жатақхана жоқ деген замдеканның қорқытуын тоқтату керек.
Қазақ: "Жүзі жылыдан түңілме"- дейді. Бірінші байқағаным, әкімнің жүзі жылы. Осы қаланың ауасын жұтып, нанын жеп жүргеннен кейін, қалаға ерекше уайымдайсың. Бауыржан Бәйбек - қала тұрғындарына аристократтардың қаласы екенін есіне түсірді. Теxникаға емес, адамдарға ыңғайлы етті. Бақытжан Әбдірұлы, 5G тегін wifi орнатып жатсаңыз, онда тариxта қаласыз.