Саясат
Трамп Солтүстік Кореяға барды
Сеул - АҚШ президенті Трамп Солтүстік және Оңтүстік Корея арасындағы шекараны кесіп өткеналғашқы АҚШ президенті болды. Осы арқылы Солтүстік Кореяның көшбасшысы Ким Чен Ынмен кездесіп, ядролық келіссөздерді қайта бастауғаміндетті екенін білдірді деп хабарлайды WSJ ақпараттық порталы.
Трамп мырза жексенбіде екі ел ядролық келіссөздер жүргізетін топтарды тағайындау туралы уағдаласты, әрі олар келесі бірнеше аптаның ішінде жұмыс істей бастайды. «Біз жылдамдыққа емес,Керісіншежұмысыты дұрыс жүргізуге мән береміз және біз өте жақсы жолға бет алдық. Бұл керемет күн болды.» , - деді ол.
Оқиғалардың желісі керемет көрінгенімен, Солтүстік Корея мәселесінің сарапшылары бұндай дипломатияның күтпеген жерден өрбігені туралы сақтық ниет танытты. Пхеньянның ядролық қарудан бас тарту тәсілі және уақыты тұрғысында екі жақтың арасында келіспеушіліктер әлі де бар. Бұған Трамптың ақпан айындағы Ветнамда Ким Чен ын-мен болған келіссөздердің сәтсіз аяқталғаны айқын дәлел бола алады.
Апта соңындағы Америка Құрама Штаттары мен Солтүстік Корея арасындағы байланыстың аяқ астынан дәстүрден тыс жақсы жаққа бет алуы, ежелгі бәсекелестердің көшбасшылары жеке байланыс орнатқанынан дерек берді. Жексенбілік жиналыс Тармтың «әдемі» деген және Кім мырзаның «өте жақсы» деген өзара сөз алмасуларымен басталды.
Жексенбі күні, Трамп мырза Оңтүстік Корея мен Солтүстік Кореяның арасындағы жолды кесіп өткен соң, Ким мырзамен қол алысты. Содан кейін екеуі шамамен 19 қадам басты,фотоға түсті. Ізінше Трамп мырза Ким мырзадан шекараға қайтуды сұрады.
Ким мырза келісімін беріп, Оңтүстік Кореяның Freedom House деп аталатын ғимаратына кірді.Сол жерде трамппен бірге отырып бірнеше сұраққа жауап берді және Трамптың соңғы минуттарда аяқ астынан қойған кездесу туралы ұсынысына таң қалғанын жасырмады.
Екеуі өздерінің ядролық командаларының мүшелерімен бірге шамамен бір сағатқа созылған жабық есік кездесуін өткізді және кездесуден келіссөздерді қайта бастау туралы уағдаластықпен оралды.
Қысқаша сөйлесу, қол алысып сәлемдесу, үйде және ашық алаңда барлығына 66 минут ғана жеткілікті болды.
Трамп мырза кейінірек:«Бұл қадам біз үшін үлкен құрмет болды»,- деп есіне алды. «Ким мырзаны АҚШ-қа шақырар ма едіңіз?» деген сұрауға ол: «Мен оны қазір-ақ шақырамын», - деп жауап берді.