Денсаулық
Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде
Лимон – ең танымал және әмбебап цитрустардың бірі. Оның сергітетін дәмі және хош иісінің өзі – көптеген тағам түрлері мен тәттілер, парфюмерия үшін орасан зор маңызға ие. Сонымен қатар сусындардың барлық түрлерінде де кеңінен қолданылады. С дәруменінің бай көзі болып табылатын лимон антибактериалды және вирусқа қарсы қасиеттерінен бастап, иммунитетті арттыру қабілеттерімен де ерекшеленеді.
Ал лимоннан денсаулыққа пайдасын алудың ең көп таралған тәсілдерінің бірі – оның шырынын дайындау. Лимон қосылған жылы су ас қорыту және бауыр тазалауға көмектеседі. Сондай-ақ денеде зат алмасу жылдамдығын арттыратындықтан, арықтаудың тиімді жолы болып табылады.
Эдисонның тамақтану Институтында тамақтану жөніндегі сарапшылар күн сайын таңертең лимон қосылған жылы суды ішудің денсаулық үшін ең тиімді артықшылықтарының кейбірін атап өтеді:
1. С витаминінің бай көзі ретінде лимон шырыны ағзаны иммундық жүйенің жетіспеушілігінен қорғайды.
2. Лимонның қабынуға қарсы қасиеттері тыныс алу жолдарының инфекцияларымен, ангинамен күресуге көмектеседі.
3. Күн сайын таңертең жылы сумен лимон шырынын ішу ағзаның рН тепе-теңдігін сақтауға көмектеседі.
4. Күшті бактерияға қарсы қасиеттерінің арқасында лимон шырыны инфекциялармен күресуге көмектеседі.
5. С витаминімен қатар лимонда калий, кальций, фосфор, магний және т. б. дәрумендердің бай көзі болып табылады.
6. Лимон қосылған су, сондай-ақ беттегі акнеде, бөртпелер мен әжімдерде, терідегі қараңғы дақтар сияқы көптеген мәселелерден танымал құрал болып табылады.
7. Жылы суға қосылған лимон шырынын ішу, сондай-ақ буындар мен бұлшық еттегі ауырсынуды азайтуға көмектеседі.
8. Жылы суға қосылған лимон шырыны тіс ауруына көмектесіп, гингивиттің алдын алады.
9. Ішектің табиғи қозғалысын реттеуге көмектеседі
10. Ас қорытуға көмектеседі.
11. Суық тиюмен күресуге көмектеседі.
12. Лимон шырыны бауырдан токсиндерді шығаруға ықпал ететіндіктен, бауырды тазарту үшін өте тиімді.
13. Жылы суға қосылған лимон шырыны денені гидраттауға көмектеседі, себебі ол денені электролиттермен қамтамасыз етеді.