Саясат

Дамыған 30 елдің қатарында боламыз деп жүрген Қазақстан үшін масқара жағдай болды

Мәселе

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Тоқсаныншы жылдардан бері Финляндияда тұратын 65 жастағы Әйкен САЛОНЕН Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауы өткен 9 маусым күні Алматыдағы наразылық жиынына қатысыпты. Ол Қазақстанға 31 мамырдағы ашаршылық және қуғын-сүргін құрбандарын еске алу үшін келген. «Азаттық радиосына» берген сұхбатында Әйкен Салонен Қазақстандағы наразылық жиынында көргендерін айтып беріпті.

Сайлау күні қызығушылық жетелеп, Талғардан (туған жері) Алматыға келген Салонен Қазақстан полициясының наразылық білдірушілерді қалай ұстап, қалай көлікке басып әкетіп жатқанын көргенде жаман әсерде болғанын айтады.

- Көз алдымда қарт кісілер мен әйел адамдарды мал сияқты аяқ-қолынан ұстап сүйреп әкетіп жатты. "Оны не үшін алып бара жатырсыз? Неге алып кеттіңіз?" деген сұрақтарға ешкім жауап бермеді. Бұл біз секілді Еуропада, демократиясы дамыған елдерде тұратындар үшін өте жаман әсер етті, - дейді ол.

Салоненді таңғалдырған тағы бір жағдай – наразылық шеруі кезінде жай киім киген бір адамдардың полицияға өктем сөйлеп, адамдарды ұстауға бұйрық беріп жүрген. Оның айтуынша, мұндай наразылық жиындарының өзі тұрып жатқан Финляндияда да өтеді, бірақ, мүлде басқаша сипатта. Ол жақта наразыларды мал сияқты көгендеп, көлікке тиемейді.

Салоненге осы жағдайдан екі сағат өтер-өтпесе Еуропадағы күйеуі қоңырау шалып, алаңдаушылық білдірген.

«Сол кездің өзінде-ақ Қазақстандағы жағдай бүкіл әлемге тарап жатты. Дамыған 30 елдің қатарында боламыз деп жүрген Қазақстан үшін масқара жағдай болды. Шындығында демократиясы жолға қойылған кез-келген елде тұрғындар жиналып пікірін айтуға хақылы. Бірақ Қазақстанда бәрінің ауызын байлап тастаған, - дейді Әйкен ханым.

Салонен, сонымен қатар, Қазақстан астанасының атауын Нұр-Сұлтан деп өзгерткенін естігенде шетелдегі әріптестерінің кейбірі таңырқап, кейбірінің күлкіге айналдырғанын айтады.

Фото: Youtube.com

Жас Алаш

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61