Саясат
Қандай өзгерістер күтіп тұр?
1 шілдеден бастап елімізде бірнеше өзгерістер болады. Бұл туралы Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы sputniknews.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Кедейлік шегін арттыру
Ең маңызды жаңалықтардың бірі кедейлік шегін көтеру болды. 1 шілдеден бастап бұл көрсеткіш ең төменгі күнкөріс деңгейінен 50% -дан 70% -ға дейін артады. Осылайша, бұл сан 20,8 мың теңгеге тең болады. Бұл Елбасының берген тапсырмасы.
Мүгедек балалардың қамқоршылары үшін жәрдем ақыларды арттыру
Тағы бір маңызды өзгеріс ерекше қажеттіліктері бар балалардың және бала кезінен 1-топтағы мүгедектердің қамқоршылары алатын жәрдемақылардың көбеюі болды.
Өзгеріс заңды күшіне енгеннен кейін жәрдемақылар 29 698 теңге құрайтын күнкөріс деңгейінің төмен көрсеткішінен 1, 4-ке артады.
Мәселен, 1 шілдеден бастап жәрдемақы мөлшері 41 578 теңгеге дейін өседі. Бұған дейін бұл көрсеткіш 31 183 теңгеге тең болды.
Кәсіпорындар онлайн-дерек беруден бақылау-кассалық машинаға ауысады.
Ағымдағы айдың басынан бастап 86 қызмет түрі онлайн-БКМ жұмысын бастайды. Жыл соңына қарай бұл сан қызметтің 633 түріне ұлғайтылады.
Шетелдік компаниялар Ұлттық Банктің бақылауына өтеді
Сондай-ақ, 1 шілдеден бастап "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" заңға енгізілген өзгерістер күшіне енеді. Оған сәйкес, шетелдік қаржылық емес ұйымдар Ұлттық банкке атқарылған валюталық операциялар жөнінде есеп беру керек.
Валюта айырбастау нүктелерінің жұмысы өзгерді
Айдың басынан бастап валюталық операциялар валютамен алыпсатарлықтың алдын алу үшін енгізілген жаңа ережелер бойынша жүзеге асырылатын болады.
Мысалы, егер адам мөлшері 100 мың доллардан асатын соманы айырбастағысы келсе, оған қызмет көрсететін банкке валюталық шартты ұсыну қажет. Соған сәйкес, өтініш беруші сатып алынатын сомаға шетел валютасында міндеттемелердің бар-жоғын растайды.
"Азаматтарға арналған үкімет"коммерциялық заңды тұлғаларды тіркей бастайды
1 шілдеден бастап барлық коммерциялық заңды тұлғалар "Азаматтарға арналған үкіметтен" тіркеуден өте алады.
Егер тіркеу шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаға қажет болса, онда бұл рәсімнен онлайн өтуге болады.
Жүргізуші куәлігін "Азаматтарға арналған үкімет "беретін болады"
Бұданбөлек, "Азаматтарғаарналғанүкімет"ведомствосындажүргізушікуәлігінберуфункциясыдаболады.
Енді жүргізушілерден теорияны және практикалық дағдыларды меңгергенін растайтын емтихандарды ХҚКО қызметкерлері алады.
Қазақстанда темекі қымбаттайды
1 маусымнан бастап темекі өнімдері 20 теңгеге қымбаттап, бір қорабы 400 теңге тұратын болады.