Ғашықпын...  - на bugin.kz
Данияр Бейбітқалиұлы  - на bugin.kz Данияр Бейбітқалиұлы

Ғашық жанның жыры...

Ғашықпын...

Сағыныш моншақ тағынып
Күлімдеп қалса сәл үміт 
Өзімді қоям жұбатым,
Жүрсем де іштей тарылып.



Сағыныш моншақ тағындық.
(жүремін сені сәнім деп)
Өзіңе сырды айтамын: 
- Түсінші, күнім, жанымды ұқ.



Өзіңде болып бар үміт 
Сырымды алды таң да ұғып.
Шыдамды адам екем ғой
Кетер ед өзге жарылып.



Күнімсің!.... 
Тыныш білінбе
Шабытым болған бүгінде
Бүгінде жаным бүгілме
Күнсің ғой, бір рет күлімде.



Өлеңді жүрме текке деп
Көктөбе - бізге көкпеңбек.
Шүлдірлеп жүрген жарасты
Жүргеннен елге өкпелеп



Өлеңім-елші. 
Бұл - анық.
Жүрмегін іштей бұлданып
Қараған қатты ұнайды
Көрсетпей "күнге" ұрланып.



Кетер ем тіпті қырды асып,
Жүрекпен тағы сырласып.
Мен саған бір сыр айтайын
Бұл жігіт саған шын ғашық.



Ұнаттым сені бұл - анық!
Отырмын тағы қызғанып
Бақыт - гүл шыққан бәйшешек 
Алайық біздер бір барып
Қозы мен Баян секілді
Болармыз біз де бірде алып.



0 Пікір Кіру