Саясат
Жердегі қазақ атымызды қорғай алмасақ, көктегі қазақ атамызды жылатамыз ағайын. Шет елдердегі қазақ азаматтарымыз отандарына тартылудың орнына, кейбіреулері абыройын жетерліктей көрінгеннің табандарына таптатып жүр. Қазіргі қазақтарымыз western-дық мəдениеттің жақсысын өнуінің орнына, ең сұрапылын бойына сіңіріп жатқандары үлкен адасушылық. Мұхтар Шаханов айтқандай, "Батыстың цивилизациясын аламыз деп, канализациясына кіріп кетіп жүрмейік"
Маусымның отызы күні Нью-Йорктегі əлемдік гей-парадында Қазақстанның туы көрінуі ар мəселесі қозғалатын дау. Əуелі, бір жыныстылар шығуының басты себептерін айта кетелік. 18 ғасырдағы ағылшын тарихшысы Эдуард Гиббон Ежелгі Римнің алғашқы 15 императорлары туралы сөз қозғағанда, тек Клавдий императордың ғана жыныстық бағыты дəстүрлі болғанын баяндап кетеді. Оның себебі, бір жынысты қатынастарды мансабына малынған, байлығына табынған, ақ киімді жабынған еріккен байлар мен қызыққа құмар адамдар дəулеті жеткенше, тойынғаннан ойын үшін біртіндеп бір жынысты қатынасты ойлап тапты. Сонымен қатар, Ежелгі Греция мен Ежелгі Рим мемлекеттері "тəн сату" саудасы өте жақсы пайда əкелетіндігінен ғана бұл арсыз кəсіппен айналысты. 15-17 ғасырлар аралығында Рим империясы сияқты басқа да алып мемлекеттер Парсы, Индия, Греция жаушылық кезінде бір-біріне тыным бермегендіктен, жер өндірісі мен мал шаруашылығы аса дамымаған. Сондықтан шұғыл түрде пайда табу үшін бұрын жалпы ала кетсек, "тəн сату" кəсібі кең орын алған. Ал, бірақ шындығына келетін болсақ, бұл іспен өз еркімен ешкімнің де айналысқысы келген емес, оның бір дəлелі: 18-ші ғасырда Англияда бұл кəсіптен арылғанына, жаңаша табыс əдісі пайда болғанына қуанып, бір жыныстылар қоғамынан біржолата безіп кетуі.
Адамдардың бір жыныстық қатынасқа түскендерінің тағы бір себебі, 16-шы ғасырдың басынан, 18 ғасырдың соңына дейін қарақшылық кəсібі пайда болуынан деп есептеледі. Ол кəсіпке мұқтаждық - қарапайым халық аштықтан жаппай қырғынның кесірінен, ашық теңіздерде тонау қажеттілігінен туындады. Ашығына келейік, қарақшылық кəсібі ол уақытта өте қатал болды. "Өлтір, немесе өзің өлесің" деген қағиданы ұстанатын. Теңіз қарақшылары сауда су жолдарындағы кез-келген кемені тонаумен айналысатын. Барлық жиған-тергендерін көбінесе, мекенсіз аралдар мен шағын аудандардағы порттарда тығып кететін. Өз кезегінде, ол тығылған байлықтарды іздеуге өзге теңіз қарақшылары алыс сапарға шығатын. Кемедегі команда толық еркектерден құралғандықтан, жыныстық қарым-қатынастың жетіспеушілігінен естерінен алжасып, сезім дегенді атымен ұмытып, нəпсіге бой берген еді. Ол уақыттағы ырым бойынша "кемедегі əйел адам сəтсіздікке ұшыратады" деп əйелдерді алмайды. Көпшілігінде бұл - өз əйелдері мен бала-шағасының бастарын қауіп-қатерге тіктірмес үшін сылтау рөлін атқарған. Дегенмен ошақтарына оралғандардың саны күрт аз болатын.
Міне, осының салдарынан қазіргі гомосексуалды бағыт өте қатты тарап кетті. Түйіндеп айтқанда, гомосексуалды адамдарды ешкім де қыспаққа алған емес, бұл тек нəпсі мен тəн қалаушылығынан пайда болған арсыздық. Ендігі ғасырымызда адам мал құрлы көрінбейтін уақыт емес қой, тəубе деудің орнына, мұндай бассыздыққа жол беріп отырмыз. Жəне қазақ азаматтары ең болмаса, Біріккен Ұлттар ұйымының басты нысаны болғандықтан, бұл келеңсіздікті болдырмауы керек еді, керісінше, ізінен қуаламай. Ал егер сөзім өтірік болса, қазақ еліне бұл сұмдықтың қандай қатысы бар?! Немен ақталасыздар? Өз халқың басына бостандық ала алмай жатқанда, сіздер қай бетімен "бостандық" іздеп жүрсіздер? Төле би айтқандай, "Біліп айтқан сөзге - шын жетпес. Тауып айтқан сөзге - құн жетпес". Ойланыңыз, халқым! Əйтпесе, шынымен де құны кеткен біреудің құлы, жалмаң байдың пұлы болып жүресіздер.
Сурет: www.qamshy.kz парақшасынан алынған