Саясат
Қазақстан демографтары бізге алаңдауға себеп жоқ дейді
Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрлігі дабыл қағуда. Кез келген мемлекеттің басты құндылығы адам екені белгілі. Жыл басынан бері есептегенде орыс халқының табиғи өсімі төмен. Бұл өз кезегінде мамандар мен ел билігін алаңдатып отыр.
РФ 2019 жылдың төрт айында табиғи адам санының кемуі 149 мың адамды құраған. Бұл бұрын соңды болмаған көрсеткіш. Жуырда РФ вице-премьері Татьяна Голикова «Западный» Солтүстік-Батыс федеральдық округі ғылыми-білім беру медициналық кластері мүшелерінің жиналысында аталған мәселе жөнінде мәлімдеме жасады.
«Біз еліміздегі халық санынан айтарлықтай айырылып жатырмыз. Төрт айда халық санының табиғикемуі 149 мың адамды құрап отыр. Бұл бізде туу көрсеткіші төмендегенін және адам өлімінің біз қалағандай қарқынмен азайып жатпағанын білдіреді»,– дедіГоликова.
Ал Қазақстанда табиғи өсім тұрақты дейді мамандар. Жыл басынан бері 190 мыңнан астам нәресте туылса, қазақ тапқандар 68 мыңға жуық. 3 шілдеде алынған мәліметтер бойынша жалпы өсім 113 мыңнан асып отыр.