Саясат
Ермекбаев Арыс қаласына жақын тұрған әскери бөлім мен оның арсеналын көшіруге қанша қаржы кететінін айтты
БАҚ өкілдері алдымен Арыс қаласына жақын тұрған әскери бөлім мен оның арсеналын көшіруге қанша қаражат қажет болатынын сұрады.
"Қазір біз есептеп жатырмыз. Жалпы, көшіруге бірнеше миллиард керек болады. Бүгінде есептеу жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді Ермекбаев.
Содан соң тілшілер "Сіз Арыстағы жағдай үшін халықтан кешірім сұрайсыз ба?" деген сұрақ қойды. Министр сәл бөгеліп:
"Кінәлі деп айтуға болмайды. Ол – табиғи нәрсе. Әрбір арсеналдың қауіптері бар. Мен әзірше кешірім сұрайтын себеп көріп тұрған жоқпын", - деп жауап берді.