Саясат
Мәселе
Қазақстан Тұңғыш Президентінің баспасөз қызметі Елбасының көмекшісі, Ұлттық банктің бұрынғы басшысы Данияр Ақышевқа қарсы қылмыстық іс қозғалғаны туралы қауесетті жоққа шығарды, деп хабарлайды Sputnik агенттігі.
"Данияр Ақышев – жұмыс орнында, мен оны өз көзіммен көрдім. Қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат бізге келіп түскен жоқ", - деді Қазақстан тұңғыш президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай.
Бұған дейін БАҚ-та Ақышевтің үстінен БЖЗҚ-ның Лондон биржасында сатып алған "Қазатомөнеркәсіп" акцияларына қатысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат тараған еді.
Данияр Ақышев Ұлттық банкті 2015 жылдың қарашасынан 2019 жылдың ақпанына дейін басқарды.
Кейін ол Қазақстан Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды.
2019 жылдың 9 сәуірінен – Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасының көмекшісі.