Weekend

4 шілде кинопремьералары

Бүгін Өрмекші-адам туралы екінші дербес фильм шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com


«Өрмекші-адам: Үйден алыста» Человек-паук: Вдали от дома» / «Spider-Man: Far from Home») [16+]: Marvel киноғаламының жаңа фильмі. Кек алушылар құрамындағы Өрмекші-адамның оқиғасы жалғасын табады.

Сюжеті Таноспен болған шайқастан кейін өрбиді. Питер Паркер сыныптастарымен бірге Еуропаға саяхатқа аттанады. Бірақ бұл жақта Қ.А.Л.Қ.А.Н. басшысы Ник Фьюриге Өрмекшінің көмегі қажет болады. Жаңа жау - табиғаттың күштерін басқара алатын Элементалдер. Питер Паркерге көмекке Мистерио есімді қаһарман көмекке келеді.

«Паразит» («Паразиты» / «Gisaengchung»): Оңтүстіккорейлік режиссер Пон Джун-хоның трагикомедиясы. Фильм биылғы Канн кинофестивалінде бас жүлде - «Алтын пальма бұтағын» жеңіп алды.

Сюжетінде жартылай жертөледе тұратын Ки Тэканың отбасы туралы баяндалады. Олардың табысы өмір сүруге әрең жетеді. Үйдің тұңғышы Ки Ву досының көмегімен және жалған дипломның арқасында ағылшын тілінің репетиторы жұмысына қол жеткізеді. Ол халықаралық ІТ компанияның бас директоры мистер Пактың қызына сабақ бере бастайды.

«Юра дәуірі жануарының хикаясы» Питомец Юрского периода» / «The Adventures of Jurassic Pet») [6+]: балаларға арналған отбасылық картина.

Фильмде Крис есімді жасөспірім әлдебір жануардың жұмыртқасын сыйлыққа алады. Жұмыртқаны жарып шыққан тіршілік иесі динозавр болып шығады. Осыдан кейін Крис пен динозаврға қауіп төнеді. Өйткені түрлі эксперимент жасауды ұнататын зұлым ғалым бұлардың соңына түседі.

«Голем» («Голем: Начало» / «The Golem») [18+]: Израиль хорроры.

Сюжетте ұлынан айырылған Ханна есімді келіншек туралы айтылады. Өлімді алдау үшін ол қара магия рәсімін жасап, өзіне бала тілейді. Пайда болған сәби тез өсіп, ерекше мықты болып ержетеді. Алайда оның өмірге келуімен бірге зұлым күш те оянған еді.

Сондай-ақ прокатқа «Стреляйте в пианиста» («Andhadhun») деген үнді комедия-триллері және ресейлік «Выше неба» драмасы шықты.