Саясат

Қазақ тілі жойылып кетуі мүмкін бе?

Ақпараттық шабуыл әлде ақиқат

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Белгілі қаламгер Ұларбек Дәлейұлы күні кеше ғана «ЮНЕКСО қазақ тілін жойылуы мүмкін тілдер тізіміне енгізіпті» деген жазба қалдырды. Жазба автордың жеке парақшасында жарияланды.

 

Осы мәселе бойынша ЮНЕСКО-ның ағылшын, испан және француз тілдерінде жарық көретін «Atlas of the World’s Language in Danger» статистикалық картасына үңіліп көрдік. 2018 жылдың қаңтар айында қайта жаңартылып шыққан сатистикаға сай, 2030 жылы 20 миллионға жуық халық қолданбайтын тіл «өлі тілдер» қатарына кіріп, мүлде жойылып кетуі мүмкін. Атласқа қарап отырып, қазақ тілінің қауіпті жағдайда тұрғанын көруге болады.

 

Атлас бойынша тілдер 9 фактор негізінде қарастырылған. Ең негізгілері мыналар:

-         Қауіпсіз (safe): аталған тілде бірнеше ұрпақ сөйлейді, тілдің атадан балаға берілуі ұзақ жылдары бойы жалғасып келе жатыр (бұлар атласқа кірмейді);

-         Осал (vulnerable) аталған тілде балалар жиі сөйлейді, бірақ оның таралуы аймағы тар (үй ішінде ғана);

-         Қауіпті (definitely endangered): балалар үйде өз ана тілдерінде сөйлеспейді;

-         Аса қауіпті (severely endangered): аталған тілде үлкен буын сөйлейді, ата-аналар ол тілді түсінуі мүмкін, алайда, отбасында балаларымен ол тілде сөйлеспейді;

-         Өте қауіпті жағдайда (critically endangered): тілді қолданушы ең жас буын кәрілер. Олардың өзі арасында ғана сөйлеседі;

 

Үміт пен үрей

 

1991 жылдан бастап 2018 жылдың бүгінгі күніне дейін тәуелсіз ел ретінде қалыптасып, ең жас мемлекеттердің бірі ретінде өсіп келе жатқан, 18 миллионнан астам халқы бар Қазақстанның мемлекеттік тілі жер бетінен жойылып кетеді деп ақпарат берудің өзі ақылға қонымсыз. Бұл тек үрей. Себебі, ЮНЕСКО жасап отырған тізімнің ақпаратты нақты қайдан алғандығы туралы дерек жоқ. Бұл туралы халықаралық құқық маманы, саясаттанушы Руслан Түсіпбеков өзінің ойын білдіріп, аталған қателіктерге ұйым әкімшілігі өзгеріс енгізеді деп үміттенеміз деген.

 

Себебі еліміздегі білімнің 75 % қазақ тілінде беріледі. Оның ішінде қазақ тілді мектептердің саны 90% көрсеткішті құрап отыр. Жоғары оқу орындарында 85%.

 

Мегаполис ретінде саналатын Астана, Алматы, Шымкент қалаларында қазақ тілін қолдану аясы кеңіп, жыл сайын ана тілге деген азаматтардың құрметі артып келеді. Әрине, билікте отырған шенеуніктердің қазақ тілін бұрып сөйлеп, тілдерін келтіре алмай қиналатынын жоққа шығармаймыз, алайда билікте отырғандардың саны мен халық қолданып жатқан тілдің көрсеткішін салыстыру мүлде қисынсыз әңгіме.

 

Қорытындылай келген кезде, қазақ тілі өзінің қолдану аясынан тарылтып немесе халық бұл тілде сөйлемей қоюдан емес, өзге жетекші тілдің үстемдік құрып немесе саяси шабуылдар арқылы әлсіреп кетуі мүмкін деген қауіп қана бар.

Қазақ тілінің жойылып кетпеуіне оның сақталуына мемлекет жұмыс жасап жатыр, жастар да осы қатарда аянбай еңбек етуде. Ең соңы, бұл тек қазақ тіліне жасалып жатқан ақпараттық шабуыл болуы да мүмкін.