Саясат
Жаңадан сайланған депутат әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінде жұмыс істейтін болды
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com"Құрметті әріптестер, Шымкент қаласынан Айгүл Жарылқасынқызы Қапбарова сенат депутаты болып сайланып, қатарымызға қосылды. Мінекей, әдемі қазақтың келіншегі, оңтүстіктен келген. Менің ұсынысымды қабылдады. Әйел адам жіберіңіздер дегенмін. Әкімшілікке, мәслихатқа көп рахмет айтамыз. Айгүл Жарылқасынқызын құттықтаймыз. Депутаттық қызметіне табыс тілейміз", - деді Назарбаева.
Осыдан кейін Айгүл Қапбарова мінберге шығып, ант берді. Ал сенаттың жалпы отырысы оның әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінде жұмыс істеу жөніндегі өтінішін қарап, бірауыздан қабылдады.
"Жаңа әріптесіміз бүгін берген антқа адал болады деп сенім білдіреміз. Сенатор Айгүл Жарылқасынқызы Қапбарова әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеттің құрамында қызмет етуге өтініш білдірді. Шешім қабылданды. Кометет жұмысына өз үлесіңізді қосасыз деп сенімдіміз", - деп атап көрсетті Назарбаева.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61