Саясат

Швециялық депутаттардың қарапайым өмірі

Шағын пәтерлер, қоғамдық көлік және қатаң экономия

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Көптеген елдерде парламент мүшесі болу дегеніміз жақсы табыс пен уайымсыз өмірді білдіреді. Бірақ, Швецияда олай емес. Бұл елдің саяси мәдениеті, барлық халық қалаулыларынан қатаң экономияны талап етеді.

Жоғары айлықтар мен түрлі артықшылықтардың орнына, швецилық депутаттар қатаң шектеулермен шектелген. Себебі, оларға жұмсалатын қаражат - салық төлеушілердің қалтасынан шығады.

"Біз қарапайым азаматтармыз. Парламентте жұмыс жасайтындарға белгілі-бір артықшылық берудің қажеті жоқ, себебі біздің жұмысымыз - халықтың мүддесін білдіріп және олар өмір сүретін шынайылықты көрсету болып табылады, - деп айтты BBC - ге Швецияның әлеуметтік-демократиялық партиясының депутаты Пер-Арне Хаканссон.

"Біздің артықшылығымыз - жұмысымызды істеп, еліміздің дамуына ықпал етуге мүмкіндігіміздің болуы", - деп қосты Хаканссон.

Депутат Пер-Арне Хаканссонды Парламент ғимаратындағы қарапайым асханадан көруге болады
Швед парламентарийлері қоғамдық көлікте тегін жүруге құқылы, алайда, олардың жүргізушісі бар жеке қызметтік көліктерге иелік етуге құқығы жоқ.

349 швед депутаты, парламент төрағасы секілді, қоғамдық көлікте жүруге мүмкіндік беретін бір жылдық карта алады.

Швеция парламентінің иелігінде Volvo S80 маркалы үш автокөлік қана бар. Бұл көліктердің өзін, парламент төрағасы мен оның үш орынбасары тек ресми іс-шараларда ғана қолданады.

"Біз такси қызметін көрсетпейміз. Біздің көліктер адамдарды жұмысына немесе үйіне жеткізіп салмайды", - деп айтты парламент өкілі Рене Поэдке.

Елдің премьер-министрі - жеке қызметтік көлігінің болуына құқығы бар жалғыз шенеунік.

Швеция премьер-министрі Стефан Левён - қызметтік көлік ұсынылатын елдегі жалғыз саясаткер.

Қарапайым түскі ас үшін қосымша ақша

Швед парламенті өкілінің жалақысы - айына 6900 долларға жуық ақшаны құрайды. Мысал ретінде, АҚШ - тағы конгрессменнің жалақысы 14 000 долларды құрайды.

Швециядағы орташа жалақы, айына 2800 доллар.

Стокгольмнен тыс жерде орналасқан сайлау округтерінен келген парламент мүшелері, астанада өткізетін күндері үшін қосымша ақша алуға құқылы.

Бұл ақшаның көлемі қандай? Шамамен, күніне 12 доллар. Бұл ақшаға, қарапайым түскі ас қана сатып алуға болады.

1957 жылға дейін, швециялық депутаттар мүлдем жалақы алмаған және өзінің партиясының қаражатынан көмек алып отырған.

Жалақының болуы, тек саясатпен айналысудың кепілі. Алайда, шведтер үшін, жалақы тым қызығушылық танытатын нәрсе болмауы керек.

Арзан жиһаз және бір орындық төсек

Өзге мемлекеттердегідей, швециялық парламентарийлерге де, үйге субсидия беріледі. Алайда бұл, Стокгольмде тұрмайтын депуттарға ғана арналған жеңілдік.

Депуттардың тұратын орнын керемет деп айта алмайсың. Мысалы, Пер-Арне Хаканссон, бар жоғы 46 квадрат алаңды құрайтын пәтерде тұратын.

Депутаттарға арналған мемлекеттік пәтерлер өте қарапайым. Депутаттардың туыстары келетін болса, бұл пәтерлерде тұрғаны үшін ақша төлейді.

Кейбір мемлекеттік пәтерлер кішкене студиялар болып табылады. Олардың көлемі бар - жоғы 16 метр квадрат.

Одан бөлек, бұл пәтерлерде ыдыс, киім жуатын машиналар жоқ. Тек, бір орынды төсектері бар.

Салықтөлеушілердің ақшасы, тек шенеуніктерді қамтамасыз етуге жұмсалады. Олардың туыстары, қызметтік пәтерлерде тұрғаны үшін ақша төлеуге міндетті. Тіпті, бір түн қонса да, ақша төлейді екен.

Депуттар өз кофелері үшін, өздері төлейді

Егер депутат біреумен тұрғысы келсе, ол пәтер ақшасының жартысын ғана төлейді. 

"Біз, бұл пәтерде тұратын депутаттан басқа, өзге біреу үшін ақша төлемейміз", - деп түсіндіреді парламент қызметкері Анна Аспегрен.

Алайда депутат, берілетін пәтер субсидиясын өзге жерге төлеп, сонда тұра алады. Бұл ақша 820 долларды құрайды. Бұл бағаға, Стокгольмнің орталығынан үй немесе пәтерді жалға алу қиынға соғады.

Депутаттар шетелге шығатын болса, оның жұмсайтын шығыны 5400 доллардан аспауы керек.

1990 - шы жылдарға дейін, шектеу бұдан да қатал еді: шенеуніктерге пәтерлер берілмей, олар 15 квадратты құрайтын өздерінің кабинеттерінде ұйықтайтын. 

Депутаттардың кабинетінің түрі

Еріктілер жұмысы

Бұдан бөлек, парламентарийлерге жеке көмекшілер мен кеңесшілерді қызметке қабылдауға тыйым салынған. Бұның орнына, әр партияға ақша бөлініп, олар бір топ қызметкерлерді жұмысқа қабылдайды. Бұл қызметкерлер, партияның барлық депутаттарына бірдей көмектеседі.

Аймақтың саясатта экономи бұдан да қатал.

Жергілікті заңнамалық жиналыстардың 94% тегін қызмет атқарады. Тек атқарушы комитеттің саясаткерлері ғана жалақы алады.

"Бұл ерікті жұмыс және біздің бос уақытымызда жүзеге асады", - деп түсіндіреді Стокголь қалалық кеңесінің мүшесі Кристин Элффорс-Седин.

P.s. Швеция депутаттарының жалақыларына қарап, олардың жағдайы жақсы деп ойлауымыз мүмкін. Алайда, Швециядағы өмір сүру деңгейі мен өзге елдер, соның ішінде біздің елдің өмір сүру деңгейін салыстырып көріңіз.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61