Саясат

Теңіздегі төбелес: Күдіктілер ұсталды. Олар кімдер?

29 маусым күні Теңіз елді мекеніндегі мыңға жуық жұмысшы ереуілге шығып, арты төбелеске ұласқан болатын. Жарақат салу және бұзақылық фактісі бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғалды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Теңіз кен орнында болған төбелеске қатысты кімнің жауапқа тартылғанын айтып берді.

"Негізі, ол жерде адамға жарақат салу және бұзақылық бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғалған болатын. Әрбір қылмыс бойынша қатысушылар бар. Сол себепті қазір басты күдікті ұсталып отыр. Одан бөлек, тағы бірнеше адам бар. Оларға қатысты тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - деді Тұрғымбаев журналистерге берген сұқбатында.

Министрдің айтуынша, қылмыстық істің сипаты әрбір адамның төбелеске қатысуына қарай анықталады. Ал "жауапқа тартылатын адамдардың ішінде тек қазақстандықтар ғана бола ма?" деген сұраққа министр қысқа ғана жауап қайырды.

"Барлығы тергеу кезінде анықталады. Мен оны уақыттан бұрын айта алмаймын", - деді ол. 

Sputnik