Саясат

Қазақстанда беделді шенеунік пара алды деген күдікке ілінді

5 мың доллар көлемінде пара алған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

"Ғылым қоры" акционерлік қауымдастық төрағасы сыбайлас жемқорлық бойынша күдікке ілінді. Бұл туралы Нұр-Сұлтанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі департамент директоры Арман Бердалин брифинг барысында мәлімдеді. 

"Ғылым қоры "АҚ басқарма төрағасы ғылыми жобаларды қаржыландыру және жалпы қамқорлық туралы мәселені оң шешкені үшін ЖОО ректорынан 5 мың доллар көлемінде пара алды деп күдікке ілінді", - деді Арман Бердалин.

Ол кінәсін толық мойындауына байланысты және тергеумен ынтымақтастық жүргізуіне орай ұстау шаралары болған жоқ. Тергеу жалғасады.

tengrinews.kz