Weekend

Ұлы мен қызын тәрбиелей білген Қазақстандық миллиардер

Балаларыма жаным ашиды, бірақ бұл жұмыс

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстандық миллиардер, BI Group компаниясының директоры Айдын Рахымбаев өзінің Facebook парақшасында қыздарының шаршап, ұйықтап жатқан суретін жариялады. 

"Қазір екі қызым да құрылыс жұмысшыларына арналған асханада аспазшы көмекшісі болып жұмыс істейді... Қыздарым басқа текпен жұмысқа орналасқандықтан, аспаздар олардың кімнің балалары екенінен хабарсыз...Себебі, бұл жұмыс. Олар күнде ыдыс жуып, картоп аршиды. Қыздарым екі аптадан бері сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін 12 сағаттық жұмыс режимімен жұмыс істеп келеді.  Таңертеңнен бастап 50 келі картоп, 14 келі пияз, 16 келі сәбіз аршып, басқа да нәрселер пісіруі қажет. Сонымен қатар 200-ден астам жұмысшылардың ыдыс-аяғын жуу солардың мойнында. Қыздарымның ұйқысы қанбай, шаршап жүр. Дегенмен 14 жастан бастап еңбекке араласу – әулетіміздің дағдысы болып қалыптасқан. Бұл туралы «әріптестерім біліп қойып, жұмыс жасатпай қояды» деп тіс жармай келгенмін. Алайда екінші қызым Амина өзінің ұйықтап жатқан осы суретін жібергенде шыдай алмадым. Енді «Ұйқың қанды ма?» деп сұрағанымда, «Қайдағы, Марал тәте қыздар, ыдысты жуыңдар деп айқайлады!» деп жауап берді.

Балаларымды жақсы көремін және мақтан тұтамын....Әрине, балаларыма жаным ашиды. Бірақ осы істеген жұмысы кейін өмірлерінде үлкен көмек болатынына сенімдімін. Балаларымның жұмыс тәжірибесі туралы кейінірек толық жазамын. Ұлым да өзге текпен 9 қабатта тас қалаушының бригадасында жұмыс жасап жүр", - делінген жазбада.