Hi-Tech
Бұл қалай?
Кибер шабуылдарды зерттеу және талдау орталығы осылай деп хабарлады. Азаматтардың жеке басына тиесілі деректердің ашық алаңға шығып кеткенін орталық мамандары өткен аптада білген. "11 млн адам туралы толық ақпарат бар база ашық дереккөзде тұрды. Жүйеге кез келген адам кіріп, оны жүктеп алуына болатын еді" делінген орталықтың таратқан хабарламасында.
Базадағы деректер жаңа көрінеді. Мәліметтердің интернетте ашықтан ашық қанша уақыт тұрғаны белгісіз. Айтуларынша, Google мен Yandex жүйелері ақпараттарды индекстеп үлгерген. Деректердің интернетке қалай шығып кеткені анықталып жатыр. Орталық мамандары мемлекеттік органдарға ақпаратты жіберіпті. Қазір базаға кіру мүмкіндігі жабылғаны белгілі болды.