Саясат

Лондон полициясы Айсұлтан Назарбаевтың өзіне қол салмақ болғанын растады

Саутуарк соты қарап жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Лондон полициясы ресейлік РБК-ға Қазақстанның бірінші президентінің жиен немересі Айсұлтан Назарбаевтың Лондонда өзіне қол салмақ болып, полицейді тістеп алғанын растады.

"Осылайша Скотленд-Ярд британдық Metro UK газетінде жарияланған ақпаратты растады. Ол газеттің мәліметінше, Айсұлтан Назарбаев 5 маусым күні Лондондағы Ковент-Гарден ауданында бейтаныс адамның үйінде өзіне қол салмақ болды. Оны тоқтатпақ болған полиция қызметкері Росс Сэмбрукті А.Назарбаев тістеп алған", – делінген РБК сайтында.

Бұл оқиға бойынша А.Назарбаевқа полицей қызметкеріне шабуылдап, дене жарақатын салды деген айып тағылды. Бұл істі Лондондағы  Саутуарк соты қарап жатыр.

Жас Алаш


Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61