Weekend

«Қара квадрат» сыры табылды

Әйгілі сурет сыры

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Осы уақытқа дейін орыс мәдениетінің бір көрінісі болып келген, 1915 Каземир Малевичтің «қара квадрат» туындысына ел таңданумен қарап келді. Оның сыры неде екенін барлығы анықтағысы білгісі келді. Осы орайда Третьяков галереясының сарапшылары бұл кескіндемеде екі сурет боялғанын байқаған-ды. Одан басқа өнертанушылар автордың өз жазуын да оқи алды. Туындыда алғашқы бейнеленген сурет кубофутуристикалық композиция , ал екіншісі , протосупрематикалық композиция  - деді мемлекеттік Третьяков галереясының зерттеушісі Екатерина Воронина. Оған қоса  ол әріптестері  Ирина Рустамова мен Ирина Вакармен бірге автордың «қара квадраттағы» жазуын оқи алды. Кескіндемеде былай жазылған еді: «Қара нәсілділердің үңгірдегі шайқасы». Бұл фразаны француз журналисі, жазушы және суретшісі Альфонс Алле 1882 жылы өз туындысына жазып қалдырған еді. Дегенмен Малевичтің  қолжазбасы өте жаман жазылған болғандықтан, ғалымдар біраз тер төгуге тура келген. Суретшінің «н», «п» деген әріптері бірдей жазылған, оны бір-бірінен ажырату қиынға соққан. Оған қоса кей жерлерде «и» өзге әріптермен тығыз жазылған. Ұзақ зерттеулер әсерінен алғашқы «битва» сөзін оқи алған.

«Қара квадрат» - ХХ ғасырдың бейнелеу өнерінің ең мифологиялық жұмысы.  Оның түсіндірмелері сансыз.  Және де бұл сурет- суретшілердің бүкіл буынының  эстетикалық манифесті ретінде қабылданады. Малевич өзіде «квадрат» арқылы мұндай әсерге бөоенем деп күткен жоқ болар.

Кейбір зерттеушілер бұл туындыны бейнелеу символының мистикалық табиғатынан шыққан деген идеяны ұсынады. Алайда, 1913 жылы Малевич Михаил Матюшин мен Алексей Крученьхтің «Күннің жеңісі» футуристік опера өнері шығармашылығында алғаш рет қара квадратты пайдаланған. 1915 жылы жылы болса жаңа географиялық жұмыстардың сериясындағы толық бейнелі сурет ретінде танылды. Жалпы аоғанда  алғанда бұл сурет негізінде жаңа көркемдік бағыт- супрематизм пайда болды. Ең алғаш бұл туынды1915 жылғы 19 желтоқсанда Санкт-Петербургте ашылған «0, 10» футуристік көрмесінде жарияланды.Осы суретті көрген журнплистер мен сыншылар пікірі бойынша суретші бейнеге бірнеше сөз жазған және оны өшіру мақсатында қара боямен бояған деген пікірге келді. Қазірде бұл туындының екеуі  Третьяков галереясында, біреуі - Ресей мұражайында, тағы біреуі Эрмитажда сақталады.

Сөз соңында, бұл туындыны бұрындары да қайталанғанын айтуға болады. 1882-1883 жылдары Франсуз суретшісі Алленің көк,ақ,қызыл квадраттары болған. Алайда бұл суреттер қатты таныла қойған жоқ.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61