Weekend

Белгілі миллиардер тікұшақ апатынан көз жұмды

Әуе кемесінің бортында жеті адам болған, олардың бәрі көз жұмды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Багам аралдарында тікұшақ апатқа ұшырап, жеті адам көз жұмды. Олардың арасында көмір магнаты және миллиардер Крис Клайн бар.

Қайғылы оқиға бейсенбі күні таңертең болған. Әуе кемесі Багам аралдарына  жақын маңда, Атлант мұхитына құлады. Тікұшақ әуеге көтерілгеннен кейін көп ұзамай апатқа ұшыраған.

Бортта болған жеті адамның ешқайсысы тірі қалған жоқ. Қаза болғандардың бірі – көмір магнаты және миллиардер Крис Клайн. Жақында оның туған күні екен, тірі болса, 62 жасқа толар еді.

Forbes журналының мәліметінше, 2000 жылдардың бас кезінде байыған Клайнның дәулеті өлер алдында 1,8 миллиард долларды құраған.

sputniknews.kz