Саясат
Қазақстан Республикасының мемлекет және қоғам қайраткері
"Мемлекет басшысының Өкімімен Ержан Жалбақұлы Бабақұмаров басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Талдау және болжамдау орталығының меңгерушісі қызметінен босатылды" - делінген Ақорданың хабарламасында.
Ержан Жалбақұлы Бабақұмаров 1969 жылы 2 наурызда дүниеге келген. Қазақстан Республикасының мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры, саясаттанушы, саяси ғылымдар кандидаты. ҚР Саяси ғылымдар академиясының академигі. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін(1991) саясат тарихының оқытушысы мамандығы бойынша оқыған. 2005-2006 жылдары Президент Әкімшілігінің Талдау және болжамдау орталығының меңгерушісі қызметін атқарды. Ал 2019 жылдың 5 сәуірінде Президент кеңесшісі болып тағайындалды.