Саясат

Қазақстан мен Қытай арасында тағы бір меморандумға қол қойылды

Келісімге өзгерістер енгізу мәселелері талқыланды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

"Қорғас" ШЫХО" қызметін үйлестіру тетігін құру жөніндегі меморандумға қол қойылды.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 шілдеде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Қытай Халық Республикасы Коммерция министрлігі өкілдерінің вице-министрлер деңгейінде кездесуі өтті. Кездесу барысында "Қорғас" ШЫХО-ны одан әрі дамыту, оның ішінде 2005 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қызметін реттеу туралы келісімге өзгерістер енгізу мәселелері талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша, екі тарап арасында "Қорғас" ШЫХО-ның қызметін үйлестіру тетігін құру жөніндегі меморандумға қол қойылды. Құжатқа ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов пен ҚХР Коммерция Вице-министрі Цянь Кэмин қол қойды.

sputniknews.kz

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61