Саясат
Айсұлтан Назарбаевқа айып тағылып отыр
4 маусым күні болған алғашқы сот отырысында Назарбаев өзіне тағылған айыпты жоққа шығарды.
«Күдікті сот залында жан-жағы көрініп тұратын, шыны қоршауда отырған. Сот барысында бірде бір сөз сөйлемеген», - деп айтты ВВС тілшісі.
Айыптаушы Грегор Маккинли Назарбаевтың 3 маусым күні Лондон қонақ үйлерінің бірінде балконға шығып, өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын айтты.
5 маусым күні оқиға қайталанды. Айсұлтан тағы да балконға шығып, айқайлап, көршілердің мазасын ала бастайды. Өзіне көмек қолын созбақ болған полиция қызметкеріне қарсылық танытып, оның қолын тістеп алады. Нәтижесінде, тәртіп сақшысы электрошокер қолдануға мәжбүр болады.
Назарбаевтың адвокаты Алисдэйр Уильямсон клиентінің Британия заңдарын сыйлайтынын айтып, кепіл ретінде 90 фундқа босатуын өтінді.