Саясат

Қазақстанда ЭЦҚ-дан бас тарту жоспарлануда

Электрондық цифрлық қолтаңбаны жою

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Растау әдісі ретінде бір реттік SMS құпия сөздерін пайдалану – электрондық қызметтерді алуды едәуір жеңілдетеді.

Қазақстанда электрондық цифрлық қолтаңбаны жойып, орнына барлық тіркелу қызметтері үшін бір реттік кілтсөз қолдану жоспарлануда.

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова мәлімдеді.

Оның айтуынша, аутентификация әдісі ретінде бір реттік SMS құпия сөздерін немесе бірегей сәйкестендіру нөмірін пайдалану арқылы электрондық қызметтерді алуды айтарлықтай жеңілдету ұсынылды.

- Бұл әдіс Ұлыбритания, Франция, Оңтүстік Корея және Қытай сияқты дамыған елдерде қолданылады. Қазақстанда SMS-парольдер 64 мемлекеттік қызмет үшін ғана пайдаланылады. Осыған байланысты, реестрдің барлық қызметтері үшін бір реттік пароль пайдалану үшін электрондық-сандық қолтаңбалардан бас тарту жалғасуда, – деді ол.

inform.kz