Саясат

Адамдар қалай радикалдық топтың құрығына түседі?

Экстремистік топтардың мүдесі не?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қысқа балақ, қауға сақал көрсек ығысып, тез-тез қасынан өтіп кетуге,  реті келсе тілдеспеуге тырысатынымыз жасырын емес.Ал олардың кешегі біз сияқты пенде болғанын, адасушылықпен осындай қадамда екендігін, жан дүниесі уланған рухани мүгедек адамболғанын ескермейтініміз өкінішті.

Өздерімен тілдесу былай тұрсын, осқырына қарап, жақтырмай тұрғанымызды ашық білдіреміз. Кешегі "құдайсыз" кеңестің халқы қалай радикалдық топтың құрығына түсті...

Бүгін "ҚР лаңкестік және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығы" ұйымдастыруы мен БАҚ өкілдеріне арнап семинар өткізіліп, аталмыш сұрақтардың жауабын тапқандай болдық. Өздеріңіз білетіндей Кеңес уақытын да иделогияның пәрмені мықты болды. Халық кедейшілікте өмір сүрсе де иделогияның мықтылығымен партияға қарсы бір ауыз қарсы сөз айтылмайтын, дін мәселесі тіпті жабық тақырып болды. Тәуелсіздікпен бірге еркіндік, дінге деген қызығушылық кірді. Ресми емес ақпарат көздерінің мәліметінше Алматы қаласының өзінде 2000-2010 жылдар арасында жүзден астам діни бірлестіктер заңды түрде тіркеліп алған. Алайда шын бет бейнесі ашылып, кейін ҚР сотының шешімімен терорлық ұйым саналып ҚР аумағына тиым салына бастайды.

Түсініксізі саналы көзі ашық адам қалай келеді бұл жолға?, "біріншіден діни сауаттылықтың жоқтығы мен, осы жолға итермелейтіндердің иделогиясының санаға терең әсер ететіндігін де" дейді, теолог-исламтанушы Асқар Қалижанұлы. "Бірде мен Игилде жүріп, өз еркімен қайта қашып келген ҚР азаматымен сөйлестім. Ол азаматта бәрі бар еді, отбасы үй-жайы, талай жыл заңгер болып қызмет атқарғандықтан, материалдық жағдайы да көш ілгері болатын. Ол көп ұзамай Дайштың құрамына кіріп, мұсылмандарға қарсы жихадқа шыққан. Өзінің теріс қадамда жүргенін Сирияға барғанан кейін бірақ түсінеді. Себебін жіктеп берген азамат, мұсылмандардың хадисінде айтылатын мейірімділіктің ол жақта ұшқыны да жоқтығын алға тартады. Сәл қиыс кетсең бас салып қарумен болмаса қолындағы үшкір күрек, балта, қайшы- пышақтар мен адамдарды өлтіріп, бір органын ыстықтай суырып алу түк емес дейді, ал Мұхамед (с.ғ.с) пайғамбарымыздың өсиеті бойынша "бір мұсылман екінші мұсылманды өлтірсе ол бүкіл мұсылманды, яғни барша адамзатты өлтіргенмен тең, ең ауыр күнә" деп түсіндірілетін еді. Екінші бір күдігі ол жақта ислам дінін зерттеуші немесе ислам ғалымдарының мүлдем жоқтығы, тіпті намаз сүрелерін, хадистерді білмейтіндер көптеп кездескен. Осы кезден бастап өзінің адасқанын түсініп, амалын тауып шыққан соң Қазақстанда өз еркімен заң орындарына барып, бүгінде жазасын өтеп жүр". Асқар Қалижан ұлының әңгімесінен ұққанымыз тұрмыс-тіршіліктің төмен деңгейі ешқандай да себеп еместігі...

Қазір Әлемде мұсылмандардың өзі жік-жікке бөлініп алған, тіпті бір Сирияның өзін де оннан астам діни жамағат бар екен, қызығы олар діндері ислам, тілдерібір,   бірдей намазға тұрғаны мен, басқа жамағатты кәпір, өздерін ғана нағыз мұсылман санап бір-бірімен үнемі соғысып жататындығы. Қазақстандықтардың көп тартылып кіргені, әрі ең ірісі Дайш болып отыр. Жалпы қарапайым пенде қалай радикалдардың ықпалына түсіп кетеді, оған теолог мамандар былай жауап беред: ең бірінші әрине дін туралы түсінігі төмен, эмоцияның адамдары түседі. Олардың "жамағатына" кірген жан бірінші Тәухид жолы "нағыз мұсылман" болу үшін 3 кітапты оқып шығып сол кітаптың ілімі бойынша жүру бұйырылады. Тағы бір қызығы бір-бірмен қырылып соғысып жатқан оннан астам жамағаттың барлығында осы үш кітап оқытылады екен. Авторы Мұхаммад ибн абду Уахаб сондықтан бұл жамағаттарды Уахабист яғни Уахабтың жамағаттары делінеді. Тәухид жолынан кейін өзіңнің "шын мұсылман" екендігіңдігін, жамағатына адалдығын көрсетіп, " көмекке мұқтаж" болып жатқан бауыр, жамағаттарына көмектесу мақсатында Сирияға немесе соғыс ошағы тұтанып жатқан жердегі жамағатына асыға жетеді... Тарихты қарап отырсақ соғысқа ата-бабамыз да исламды таратушы арабтар да әйел баласын елге тастап өздері аттанған. Бірақ қазіргі еліміздегі Сирияға кеткендердің дені әйел-баласын бірге әкеткендер.. Жалпы отбасын дін үшін жихадқа бірге апару қайдан шыққан?.. Салт басты сабау қамшылы болса еркектер де мүмкіндік мол. Егер ұнамаса кез-келген уақытта соғыс ошағын тастап кете алады. Осы жағын ескерген уахабшылар қатын-бала еркектің  қол-аяғын жіпсіз байлайтын қазық екендігін жете түсінген. Неғұрлым көп болсақ жамағаттымыз көбейеді деген сеніммен отбасын тастап кеткендер жоқ.  Уағыз ретін де Мұхаммед (сғс) пайғамбарымыздың соғыс уақытында отбасын алып Эфиопия ға көшіріп жібергенін тілге тиек етеді. Алайда сол заманда соғыс ошағы тұтанып жатқан Меккеден Африкаға тыныштық пен оларды аман сақтау үшін көшірсе бүгінде бейбіт өмірдегі Қазақстаннан қанға бөгіп жатқан Сирияға бес алты айлық сәбилерді көтеріп бару Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымыздың ісіне кереғар емес пе?!

Бірде метроға отыруым керек болды, таң ертеңгілік мезгіл болғандықтан адам қарасы да көп.. Алдында жас үлкендер мен әйел адамдар ғана тұр, кіре салып орынға отыру үшін ғой. Ал ер азаматтар артында тұрған, кенет бір сақалды, балағы қысқалау жан келіп алдындағы жасы үлкендерге де балаларға да қарамай баса көктеп келіп тұра қалды. Әрине жақтырмай қалғанымыз бен дауласа кетуге ешкімнің батылы жете қоймады. Бойындағы агресияны метроға отырған соң да қоя алмай бір кісімен ілінісіп ол адам сырғып басқа орынға ауысып кетті. Өз жамағаттарына кірмеген басқа күллі мұсылмандардың барлығын "кәпір" көретін оларды арнайы психологиялық тұрғы да агерсияға үйрететін болып шықты. Және өз жамағатын туған бауырынан керек десе қойнындағы қатынын да артық көріп бір-біріне "талақ" айтып сыйлау салу да түк емес.. Оған Сирияға барып екі үш рет күйеуге шыққан, қай баласы кімнен екендігін білмейтін қаракөз қыз-келіншектеріміз куә. Дінді жалау етіп, адамзатқа қасірет шектіріп отырғандар мен қалай күрес жүргізіліп жатыр.. "Санасы уланғанды обьекті деп ал оны оятып көзқарасының теріс екендігін дәлелдейтіндерді субьекті етіп алайықшы, субьекті ге кімдер кіреді, құқық қорғау органдарынан басқа психологтар, теолог мамандары, мұғалімдер кіреді. Кейде субьекті білімі жеткіліксіз дінді терең білмейтін жан болса, онда субьекті мен обекьтінің орны аусып кетеді. Оған дәлел бір түрме қызметтіндегі құқық қорғау органының қызметкері, (бүгін де түрмеде жазасын өтеп жүр) ол түрмеде отырған радикалдардың ықпалына қалай түсіп кеткенін байқамай қалған". Семинар барысында Асқар Қалижан ұлы субьектінің діни білімі терең болмаса өзіне қауіпті екендігін баса атап өтті. Қазақстандағы экстремисттік пиғылдағы сотталушылардың дені ғаламтордағы жазбалары үшін, соларды бөліскені үшін сотталып жатыр,тіпті Сирияға бармай ақ, ал нағыз экстремисттік сайт ҚР аумағына қол жетімді, орыс тілінде күнделікті хабарын таратып тұр. Бұрынғы пост кеңестік елдердің ішінде Ресей құрамындағы Дағыстандықтар Сирияға кету жағынан көш бастап тұр. Бір Сирия емес Пәкістан мен Бангладеш те оқтын оқтын жамағаттардың өз ара соғысы мен көзге түсіп жүр. Бір Париждегі тарихи ғимарат өртенгенде күллі әлем зар жыласа, соғыстың отына өртенген, нешеме ғасырлар мүлгіп тұрған тарихи естелігі бар тұтас қалалар қирап жатқандығы жасырын емес. Десек те теріс ағымның ықпалына түсіп, мұхит асып, естігендері мен көргендері екі бөлек екендігіне бармақ шайнағанша діни білімін жетілдіріп, теологтардан іздеген жауабын білгені дұрыс сияқты.