Спорт

Елеусіновке жанкүйер болайық

Тікелей көрсетілім "Хабар" арнасында

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстандық Данияр Елеусіновтің (4-0, 2 КО) кәсіпқой рингтегі бесінші жекпе-жегін «Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсетеді. Бұл туралы Vesti.kz сайтына Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы сілтеме жасап хабарлайды. 

Қазақстандық боксшының қарсыласы никарагуалық Маркос Мохика (16-2-2, 12 КО).

Жекпе-жек сегіз раундтық болады. Елеусіновтың бұған дейінгі төрт жекпе-жегі де алты раундтан болған.

Елеусінов – Мохика жекпе-жегі қарашаның 24-нен 25-не қараған түні «Казино де Монте-Карлодағы» бокс кешінде болады. Бұл кештің басты жекпе-жегінде алғашқы ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы ресейлік Денис Лебедев (31-2, 23 КО) америкалық Майк Уилсонмен (19-0, 8 КО) жұдырықтасады.

«Хабар» арнасындағы трансляция Астана уақытымен 01:00-де басталады.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61