Саясат
ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша жаңа қызметке тағайындалды
Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Бабақұмаров Ержан Жалбақұлы 1969 жылы 2 наурызда Талдықорған облысында дүниеге келген. Саяси ғылымдарының кандидаты.
Ол 1996 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. ПӘ ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды. ҚР Президенті Әкімшілігінің ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісі. ҚР премьер-министрі кеңсесі басшысының орынбасары, ҚР Президенті жанындағы ОКҚ директоры. Жауапты хатшы және мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметтерін атқарды. Соңғы жұмыс орны Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің талдау және болжау орталығының меңгерушісі қызметтерін атқарған.