Weekend
Ақылды болу
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comСіздің ақылды болғыңыз келе ме? Немесе тек өзгелердің сізді ақылды санағанын қалайсыз ба?! Соңғысына қарағанда бірінші вариантты таңдағаныңыз дұрыс болар. Олай болса сізге ең керегі алдыңызға мақсат қойып, соған талпыну керек болады.Және де сол мақсатқа жету үшін нақты қадамдар жасай білуіңіз керек. Ақылды болу үшін адам ең алдымен үздіксіз ізденісте болуы шарт. Кез-келген адам барлық нәрсені оқып көруге, мәнін түсінуге тырысу керек. Егерде сіз «Абай жолы» романының бір томын оқыдыңыз делік. Соның арқасында ежелгі салт-дәстүрлерді тани бастадыңыз. Алайда оның барлығын білген соң, келесі томдарын да оқуды ұмытпаңыз. Себебі ол кітартың әле оқылмаған үш томы бар. Демек сізге үздіксіз ізденісте болу керек. Сонда ғана сіз көп нәрсе біле аласыз.
Ақылды болуыңызға көмектесетін маңызды бір фактор- xоббиіңізді қадағалау. Егерде сіз жасап жатқан ісіңізге аса қызығушылықпен қарар болсаңыз, онда нәтижесі де таңқаларлық боларына күмәніңіз болмасын.Домбыра үйренуге деген сүйіспеншілігіңіз болса, үйірмеге қатысып көріңіз. Бұл мақсатты үнемі зерделеу, ол ақыл-ойдың өсуіне әкеледі. Осы кезле сізде шынайы интелект қалыптасады. Ол дегеніміз тақырыптардың тереңдігі емес, бірнеше тақырыптардың терең меңгеруіңізбен байланыста болады. Аристотельден кейінгі екінші ұстаз, Әл-Фараби бабамыз тек бір ғана бағытты зерттемегені баршамызға мәлім. Ол астрономия, физика сынды ғылымдарды, әдебиет, өнер, музыка салаларын зерттеді. Соның нәтидесінде бізге өшпес мұралар қалдырды.
Сізге тағы керекті дүние- өзіңізге бұйрық беру. Бұл өте қарапайым. Егерде сіз алға қарай жүрмейтін болсаңыз, онда сізде ешнәрсе өзгермеуі мүмкін. Алғашқыда домбыра үйренсеңіз, одан соң ән айтып үйрене аласыз. Ең бастысы өзіңізге дұрыс бұйрық беру. Және бұйрық міндетті түрде орындалуы тиіс.
Келесі бір атқарар жұмыс- ойыңызды бақылау. Не ойласаң сол болады демекші, ойды бақылау бұл ең маңызды іс. Міне осы бір тұстан ақылды адамдар сізден ерекшеленіп тұрады. Сізт көптеген жаңа ақпараттарды жалғыз отырып үйрене алсаңыз, онда сізге топтық курсқа қатысудың керегі болмайды. Ойлану арқылы өз қажеттіліктеріңізді анықтап көріңіз. Және де ең соңғы процес- ағзаңызға қамқор болу. Егерде сіз ваннаға түсер болсаңыз немесе дұрыс ұйықтасаңыз, денеңіз рақаттанып жұмысқа деген құлшынысыңыз артады. Әркімнің өмір сүру дәстүрі әртүрлі. Кейбір адамдар небәрі 4 сағат ұйықтайды, ал басқалары 8 сағат ұйықтап жатады. Сізге керегі өзіңізге тиімді өмір салтын таңдау. Өзгелер аз ұйықтап жатыр екен деп, өзіңізді шаршатып қоймаңыз. Сөз соңында досым, сіздің ең ақылды жан боларыңызға сенемін. Сізде осыған сеніп, жоғарыдағы қағидаларды орындауға кірісіңіз.
Сізге тек сәттілік!
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61