Саясат

Қорғаныс министрі Арысқа келді

Жұмыс сапары

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Өңірдегі жұмыс сапары барысында әскери ведомство басшысы генерал-майор Нұрлан Ермекбаев Арыс маңын қарап, арсенал мен іргелес жатқан аумақты, сондай-ақ оқ-дәрілер қалдықтарын жою бойынша полигонды тексерді.

Ведомство таратқан ақпарат бойынша, оқ-дәрілер қалдықтарын тазарту жөніндегі шараларды орындап жатқан инженерлік-саперлік, материалдық-техникалық бөлімшелер және әскери өрт сөндірушілер жеке құрамымен қауіпсіздік шараларын сақтау жөнінде нұсқама жүргізілген.

"Қорғаныс ведомствосының басшылығы бірқатар нақты тапсырмалар қойды. Бірінші кезекте адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Екінші кезекте оқ-дәрілердің бөліктерін іздестіру және шығару бойынша жұмыстарды атқарып жүрген әскери қызметшілердің қауіпсіздігі. Сондай-ақ күрделі ауа райы жағдайында тәулік бойы жұмыс жасап жатқан ҚР ҚК бөлімшелерінің жеке құрамымен кездесу өтті", - делінген хабарламада.

Жоғарғы Бас қолбасшы атап өткендей, төтенше жағдайлардың салдарын жою жөніндегі әскери қызметшілердің жұмысы жауынгерлік тапсырманы орындауға теңестіріледі. Төтенше жағдай себептерін айқындау бойынша ішкі қызметтік тергеп-тексеруді жүргізу үшін Нұрлан Ермекбаевпен бірге ҚР Қорғаныс министрлігі Бас инспекциясының комиссиясы келді.

Естеріңізге сала кетсек, осы өңірде жарылмаған оқ-дәрілерді тиеу және шығару, сондай-ақ оқ-дәрілердің қалдықтарын жою жөніндегі жұмыстар басталғанын хабарлаған болатынбыз. Қала тұрғындары үшін аталған жұмыстар еш қауіп туғызбайды.