Саясат
Эльмира Суханбердиеваның соты қалай өтті?
Білім және ғылым вице-министріне қатысты қозғалған қылмыстық іс Есіл ауданының № 2 сотына түскен болатын. Суханбердиеваны сот залына айдауылдар жеткізді. Сот отырысы барысында Эльмира Суханбердиеваның кінәсін мойындап, тергеу көрсеткен дәлелдерге қарсылық білдірмегені белгілі болды. Бұл туралы прокурор айтты.
"Күдіктілер дәлелдерге наразылық танытқан жоқ", - деді мемлекеттік айыптаушы.
Ұлттық бюроның білім және ғылым вице-министріне қатысты қылмыстық іс қозғағаны хабарланған болатын. Эльмира Суханбердиева 1971 жылы 26 қазанда Атырау облысында дүниеге келген. 1995 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған.