Weekend

Құныңызды түсірмеңіз, қазақ қызы!

Қыз - ұлт абыройының айнасы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

"Жігіті тастап кеткендіктен көпірден секіріпті", "Жігітімен ренжіскеннен кейін қабатты үйден секіріпті", "Жігітіне ренжіп асылып қалмақ болыпты" деген сияқты әңгімелерді  естіп, біліп жүрміз. Әпке-қарындастардың басында осындай қате қадамдар соңғы кездері өкінішке орай жиі орын алуда. Өте сирек болса да кейбір жігіттердің басында да болып тұрады. 

Қыз балалардың мұндай жаман шешім қабылдауының кейбір себептері:

1) Шариғатымыз қыз бен жігіттің некесіз жүруіне қатаң тыйым салған. Кім тыйылған әрекетке барса, қиындыққа душар болады;

2) Қыз бала жігітке жан-тәнімен сеніп қалады: сенгіштік қыз баланың жаратылысында бар қасиет;

3) Сезімге беріледі: сезімге берілген адам туған-туыстың, дос-жаранның ақыл-кеңесіне құлақ аспайды; 

4) Ата-анасымен пікірлесе алмаған қыз бар сенгені жігіті болады. Ал сенген жігіті тастап кеткенде жапанда жалғыз қалғандай күй кешіп, қиын жағдайға түседі;

5) Азғырушының алдауында қалады: шайтан шариғат шекарасынан шыққан адамды өз шырмауына шалады; 

6) Қыз бала өзін қор санап қалады: жігітке алданған қыз әдетте кемшілікті өзінен іздей бастайды. Жігіт басқа қызбен жүріп кетсе, өзін сол қызбен салыстырып әуре болады; 

7) Алладан алшақтап, азғырушыға еріп, ардан аттап, некесіз қатынасқа түскендіктен оған жын кіріп, көңілін құлазытып, есінен айырып, ессіз іске итермелейді; 

8) Қатарластарының алдында жігітімен құлпырып жүрген қыз жігітінен қол үзіп қалғанда көпшіліктің алдында өзін қор санап қысымды көтере алмайды; 

9) Шынайы сеніп, бар құпиясымен бөліскен жігітімен ренжіскенде оның айыптаулары мен әшкере болуы мүмкін құпияларын ойлап қайғыға түсіп кетеді;

10) Жастық албырттықпен жақындасып, некесіз жақын қатынастан қыз көтеріп қалады. Өкінішке орай мұндай жағдайда көбіне жігіт жоқ болып кетеді. Өзінің ғана емес, ата-ананың, туған-туыстың абыройын ойлағанда қыз қиын жағдайдан қате қадамға аяқ басады т.б. 

Міне шамамен осындай. Оңай емес. Сенген адамының сатып кетуі кімге оңай болсын?! Осындай олқылықтардың алдын алу үшін: 

1) Ата-ана балаларымен ашық пікірлесулері керек;

2) Шариғат шекарасынан шықпауы керек; 

3) Некесіз жақын қатынас былай тұрсын оған жоламау керек: бауыр басып қалудан қатты сақтану керек;

4) Қарындастар алдымен "жігіт" пен "жар" айырмашылығын анықтап алып, құпияларын сосын ақтарғандары жөн;

5) Күнәнің кесапаты айтпай келетінін ұмытпағандары жөн;

6) Кейбір әпке-жеңгелеріміз секілді ағаларымызға айтпастан қарындастарымыздың жігітпен жүрулеріне жағдай жасауына жол бермей керек; 

7) Қарындастар бір "мігіт" тастады екен деп өз құндарын төмендетпеулері керек. Әрнәрседе бір хайыр бар. "Жігіт мені лайық болмағандығымнан тастады" деп емес, "Жігіт маған лайық болмағандықтан арамыз ажырады" деп ойлап, бұрынғыдан жақсы болуға тырысып, желпілдек жігіт емес, Алладан адал жар тілегендері жөн;

8) Әкелер қыздарына қамқорлықтарын аямай, жалғанда "жігіт" деген атқа лайық емес еркектер де болатынын айтып отырғаны жөн;

9) Жігіттер "Еркек" деген атқа кір келтірместен қарындас алдындағы, жауапкершілікті сезінулері керек; 

10) Қазақ жігіттері ұлт мәселесін нәпсі қалауынан жоғары қойып, қазақ қызына арада неке болмаған жағдайда ұлт-қарындас ретінде қатынас жасап, қашықтан қамқорлық танытқандары дұрыс.